ШҰҒЫЛ! ЖОЛДАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ Толығырақ

Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін солтүстікқазақстандықтар қолдауда

15:18, 1 ақпан 2017

Солтүстікқазақстандық демократиялық күштер коалициясының мүшелері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін бір ауыздан қолдап отыр. Саяси партиялардың мүшелері мен қоғам қайраткерлері үндеу жайындағы ойларын дөңгелек үстел басында талқылады. Олардың айтуынша әрбір қазақстандық азамат бұған қолдау көрсетулері керек.

Жарияланған жаңа саяси реформа елдің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оның дамуына мол ықпал етеді дейді «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы төрағасының  бірінші орынбасары Артур Молдағұлов. Бұл жолғы халыққа үндеуінде елбасы мемлекеттілік интитуттарын нығайтуға, барлық билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға жаңа бағыт берді. Үкіметке қосымша атқарушылық өкілеттілік беріліп отыр. Бұл өз кезегінде мемелекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда мол септігін тигізеді.

Облыстық демократиялық күштер коалициясының мүшелері Елбасы үндеуінің басқа да пайдалы тұстарын айтуда. Бұл берік саяси жүйе құру, мемлекетті демократиянандыру, тағысын тағы. Былай алып қарағанда енді әрбір қазақстандық азаматт елдің дамуына өз үлесін қосып, жауапкершілік алады.

Билік өкілеттіліктерін бөлу жайындағы үндеуін Елбасы 25 қаңтарда,  ал кезекті халыққа жолдауын 31 қаңтарда жария  етті. Президент жолдауы қазір ел бойынша талқылануда.  Құжат «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады. Жаңа модернизацияны болашаққа апарар көпір деп атап өтті елбасы.

Облыстық демократиялық күштер коалициясының белсенділері Президент жариялаған құжатты жан жақты түсіндіру жұмыстарын қолға алуды жоспарлап отыр.  Басты мақсат әрбір азаматқа елді  дамыту жолындағы бірге атқаратын  істермен таныстыру.

 

Тоқтар ҒАЛЫМ

 

Тақырып бойынша материалдар

1 шілдеден медициналық сақтандыруға төлем басталады
12:32, 13 сәуір 2017
1 шілдеден медициналық сақтандыруға төлем басталады
Толығырақ...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары депозитті  тегін аша алады
11:01, 12 сәуір 2017
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары деп...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...