ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСҚА 18 РЕАНИМОБИЛЬ ЖЕТКІЗІЛДІ Толығырақ

СҚО қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

15:17, 1 ақпан 2017

Елбасының билік жүйесіне енгізіп жатқан жаңа реформа бүгін облыстық маслихатта өткен қоғамдық кеңестің отырыснда талқыланды. Қоғамдық кеңес мүшелері Мемлекет басшысының өз құзыретіндегі бірқатар өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке тапсыруын барынша қолдап, өз пікірлерін білдіруде. Сонымен қатар жиын барысында сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы да әңгіме қозғалды.

Кезекті қоғамдық кеңес бүгінгі таңда ел талқылауындағы басты тақырыптан яғни Мемлекет басшысының өз құзыретіндегі бірқатар өкілеттіктерін Парламент пен Үкіметке жүктеуінен басталды. Елбасы бұл жүйені енгізудің басты мақсаты елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін деп  қадап айтқан болатын. Бүгінгі отырысқа жиналған кеңес мүшелері  бұл реформаны еліміздің билік жүйесінің демократиялық жолға ойысуының айқын белгісі деп түсінуде.

Қоғамдық кеңесте сонымен қатар  сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімін терең өңдеуге  арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы да әңгіме қозғалды. Бүгінгі таңда облысымызда  11 сүтті қайта өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді. 2016 жылы шикі сүтті қайта өңдеуге 652 млн теңге субсидия бөлінген.

2017 жылы республикалық бюджеттен қайта өңдеуші кәсіпорындарға   838 млн 500 мың  теңге субсидия бөлінеді деп жоспарлануда екен.

Аяулым ЖОЛМҰҚАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ПЕТРОПАВЛДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
17:28, 2 сәуір 2020
ПЕТРОПАВЛДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
1 шілдеден медициналық сақтандыруға төлем басталады
12:32, 13 сәуір 2017
1 шілдеден медициналық сақтандыруға төлем басталады
Толығырақ...
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары депозитті  тегін аша алады
11:01, 12 сәуір 2017
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары деп...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

14:26, 21 қыркүйек 2020
«САЛЫҚ ӘМИЯНЫ» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
20:34, 22 қыркүйек 2020
КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Толығырақ...