ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

2018 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

20:43, 24 қаңтар 2019

СҚО орташа еңбекақы мөлшері 108 мың 706 теңге. Бұл туралы өткен жылдың барлық көрсеткіштері бойынша қорытынды жасаған облыс әкімімен өткен алқалы жиында айтылды. Былтыр СҚО қандай жетістіктерге жетті және биыл өңірді одан әрі дамыту үшін неге мән беру керек, тілші тарқатады.

СҚО-ның 2018 жылы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайлы сөз алған облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев жалпы өңір өткен жылды оң нәтижелерімен аяқтағандығын алға тартты. Ауылшаруашылығы өндірісінің көлемі 2 пайызға, өнеркәсіптік өіндіріс 2,2, құрылыс жұмыстары 13,6, тұрғын үй салу 9 пайызға артса, негізгі капитал инвестиция көлемі 8,1 пайызға ұлғайған. Соның арқасында 12 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны құрылып, өткен жылы 30 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жұмысқа орналасқан.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығындағы орташа жалақы көлемі 108 706 теңгені құрады. Яғни өсім 6,8 пайыз. Ең көп жалақы тау-кен өндірісіндегі жұмысшыларға тиесілі, 205 919 теңге болса, қаржы, сақтандыру қорларында 205 703 теңгені құраған. Төмен жалақы алатын аудандар қатарына М.Жұмабаев, Уәлиханов, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Мамлют, Есіл және Айыртау аудандары кіреді.

Күн тәртібіне қаралған екінші мәселе 2018 жылғы бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің орындалуы бойынша Қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов есеп берді. Жалпы былтыр қазынаға 41,5 млрд. теңге түсіп, жоспар 101 пайызға орындалған. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жиын барысында ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көрсеткіштерге тоқталды. Соңғысы бойынша Айыртау мен Тайынша аудандарында даму қарқыны төмендеген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Айыртау ауданы көп көрсеткіштер бойынша артта келеді. Ауданда ешқандай  заманауи сүт кешені жоқ, Бар болғаны 760 қана асыл тұқымды мал басы бар, жыл бойынша айтарлықтай ешқандай жұмыс атқарылмаған. Өсімдік шаруашылығында да алға жылжушылық жоқ. Аудан әкімдері мен ауыл шаруашылығы басқармасы жерді дұрыс пайдалану мен өнімді арттыру бойынша серіктестіктермен жұмыс істеңіздер.

Облыста мал шаруашылығын дамытып, жылына 570 мың тонна сүт алу керек. Биыл Мамлют, Қызылжар және Аққайың аудандарында жаңа сүт кешендері ашылады. Аймақ басшысы бұл істі Есіл, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев аудандарында жалғастыру керектігін айтты. Әрбір ауданда экологиялық тұрғыдан таза өндіріс ошақтарын ашу керек.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз былтыр 3,6 млн. тонна бидай алдық. Оның тек 17 пайызы ғана өңдеуге жіберіліп, 431 мың тонна ұн өндірілді. Бұл өте аз. Облыстағы 47 элеватор мен диірменнің 884 мың тонна қуаттылығы бола тұра, 43 пайыз жұмыс атқарған. Біз бәрін ескіше істейміз, жаңалыққа ұмытлмаймыз. Тұтынушылардың сұранысы өзгеріп жатыр, бірақ сіздер оны байқамайсыздар. Сондықтан қайта өңдеу бізде 17 пайыз болса, оның 25 пайызға дейін өсіру керек. Бұл аудан әкімдеріне жүктелген тапсырма.

Мемлекет тарапынан кез келген саланы қолдауға қаржы бөлінеді. Алайда жергілікті атқарушы билік оны дұрыс қолданбай келеді, жеке құрылыс нысандарын салатын кәсіпкерлерге қолдау көрсетілмейді, инфрақұрылым жасалмайды.Сондықтан аудандарда инвеститция құю жағы ақсап тұр. Бұл орайда шал ақын, Айыртау және М.Жұмабаев аудандарының әкімдері облыс басшысынан сөз естіді.СҚО кешенді дамыту бағдарламасы аясында алғаш рет Петропавлдағы ірі зауыттарды жаңғырту мақсатында бюджеттен 6,7 млрд. қаржы бөлінді,

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Республикалық бюджеттен бұрын мұндай қаражат бөлінбеген. ПАМЖЗ мен Киров атындағы зауытқа қазірдің өзінде 3,3 млрд. берілді. ПАМЖЗ 2,2 млрд. Киров зауытына 1 млрд. 97 млн. теңге. Бүгінде жаңа қондырғылар сатып алу үшін келісім шарттар жасалды.

Жалпы мамандардың сөзінше облыс бойынша көрсеткіштер жаман емес. Биылғы жоспарлар да дер кезінде орындалуы тиіс, сондықтан да облыс әкімі тездетіп іске кірісу керектігін айтты.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...