ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

АЙДАРБЕК САПАРОВ ҚР АШМ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17:57, 18 наурыз 2019

Елбасының келісімімен және ҚР Премьер-Министрінің бұйрығымен Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылды. Айта кету керек, Айдарбек Сейпілұлы 2011 жылдан бері СҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Жаңа лауазыммен құттықтаған облыстық әкімдіктегі әріптестері, оның көшбасшылық қабілеті мен аграрлық-өнеркәсіптік салада атқарған еңбектерін елеусіз қалдырмады.

Айдарбек Сапаров еңбек жолын 1985 жылы бастап, ауыл шаруашылығы саласында барлық сатыдан өтіп, облыс әкімінің бірінші орынбасары міндетін де абыроймен атқарды. Айдарбек Сейпілұлы мемлекеттік және халықаралық марапаттар иесі, «Құрмет» орденінің иегері. СҚО аграрлы өңір ретінде республикаға танылғаны да аталмыш азаматтың еңбегі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Айдарбек Сейпілұлына біз алғысымызды айтайық, облыс жұртшылығынан, азаматтардан, осы саланы басқарып отырған азаматтар осы жерде отыр, шаруа қожалықтарының басшылары. Айдарбек Сейпілұлы бірінші орынбасар ретінде өте жауапты азамат. Кез келген сұраққа өте үлкен жауапкершілікпен қарап, құрылыс болсын, қаржы болсын, салық болсын, экономика болсын, әлеуметтік сала, кез келген сұрақтарға жауапкершілігі жоғары.

Адал еңбек пен тиянақты жоспарланған жұмыс өз жемісін беріп,  Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласында тағы да бір сатыға жоғарылады, - дейді әріптестері. Тәжірибелі, әрі білікті маманның енді тек облыстың емес, республиканың ауыл шаруашылығы саласын көтеретініне олар кәміл сенім білдіруде.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, Ғ.МҮСІРЕПОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Айдарбек Сейпілұлының жақсы қасиеттері бар, оның ішінде елдің қамын ойлайтын азаматтардың бірі. Шал ақын ауданы болсын, М.Жұмабаев ауданы болсын қай жерде істемесін, осы облыста істегеннің өзінде халықтың ризашылығымен, ақ ниетімен, жұрт соны атап отырады әр уақытта.

Айдарбек Сапаров жылы лебіз бен ізгі тілек білдіргендерге алғысын айтып, жаңа қызметте ауыл шаруашылығы саласын дамытуға сүбелі үлес қосатынын жеткізді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АШМ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Біріншіден үлкен алғысымды, шексіз ризашылығымды Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевқа білдіргім келеді. Өйткені кешегі кішкентай шағын ауылдан шығып, бүгін осындай жетістікке жеткеніміз, сол кісінің дұрыс саясатының арқасында. Екіншіден үлкен алғыс өңір басшысы, облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Сізге білдіремін. Сізбен екі жылдың ішінде үлкен жұмыс жасадық, Сіздің басқаруыңызбен, жаныңызда жүріп көп тәжірибе алдым. Орталықпен қалай істеу керек, қалай халықпен істеу керек, қалай тез істеу керек, қалай нәтижесі болу керек, соның бәрін өзіңіз үйреттіңіз.

Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...