ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

АЙЫРТАУ АУДАНЫ ӘКІМІ 2018 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

17:51, 1 ақпан 2019

Былтыр жеке инвестицияның арқасында Имантау-Шалқар курорттық аймағында 411 млн теңгеге 10 жоба жүзеге асырыла бастады. Осы және басқа да мәселелер жайлы Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исманов халықпен кездесуде мәлімдеді. 2018 жылы аудан түрлі салаларда бірқатар жетістіктерге жетті. Алайда, бәсекеге төтеп беру үшін әлі де тоқсан тарау мәселе көп. Бүгінгі күні тұрғындарды алаңдатып отырған жәйттер  жайлы келесі бейнематериалда.

Бүгінгі таңда Айыртау ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мемлекет тарапынан айтарлықтай көмек көрсетілуде. Өткен жылы осы салаға жалпы соммасы 191 млн тенгегені құрайтын 46 несие берілген.  

БЕЙБІТ ИСМАНОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бір жыл ішінде аудан шаруалары 2803 ірі қара, 1806 қой, 359 жылқымен қораларын толтырған. Ет өнімділігі 5,5%, жұмыртқа 7,4% -ға артты. 200 ірі қараға арналған «Мұхамеджанов» ЖК және 100 басқа арналған «Бестаев» ЖК, «Арлан» мен «Сыздықов» ШҚ мал фермасы салынған.

Ауыл тұрғындары мүмкіндікті қапы қалдырмай аудан әкіміне көкейлерінде  жүрген сауалдарын қойды. Тұрғындарды бірінші кезекте, жол мәселесі алаңдатып отыр. Турзим дамып, демалуға келетін халықтын саны артуда. Олар Саумалкөлге келгенде, алдымен темір жол вокзалының маңайындағы тозығы жеткен жолды көреді.

Селолық округ әкімдеріне  жол және жарықпен қамту мәселелері бойынша бірнеше рет жүгінген болатынбыз. Жылдан жылға, мәселені  шешіп береміз дейді. Бірақ, еш нәтиже жоқ. 

Темір жол вокзалы көшесін жөндеу жұмыстары жоспарда бар. Ал жарықтандыруға байланысты ауқымды жоба ұйымдастырып отырмыз. Жақында жоба іске асатын болады. Жарық шамдарын энергия үнемдегіштерге ауыстыратын боламыз. Бұл аудан орталығының үлкен аумағын қамтитын болады.  

Көз бе көз қойылған сұрақтардан кейін, әкім хатрда жазылған сұрақтарға жауап берді. Олардың бірінде, автор «Достық Дән» ЖШС-де жалақының кешіктірілуі және зейнетақы төлемдерінің аударылмағанын жазған. Бұл сауалға кәсіпорын басшысы өзі жауап қайтарды.

- Зейнетақы төлемдерін қазіргі уақытта төлей алмаймыз. Тек көктемде, Наурыз немесе Сәуір айында төлеуіміз мүмкін. Жалақыға келетін болсақ, төлейтін аз ғана сомма қалды.

- Жалақы мәселе міндетті түрде шешілуі қажет. Адамдар істеген жұмысы үшін, ақшасын алуға міндетті!

Кездесуді қортындылай келе, облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек , өткен жыл аудан үшін нәтижелі болғанын атап өтті. Келешекте бұл аймақ тек аграрлы болып қалмай, аграрлы-өнеркәсіптік болмақ.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Айыртау ауданының жері бидай егуге бағытталған. Алайда, аудан өз-өзін дайын ұнмен қамтамасыз ете алмай отыр.Ұн өндіру өнеркәсәбә небәрі 42 млн, сонда нан-тоқаш өнімдерін 280 млн-ға шығарылады. Бұл көрсеткіш аталмыш ауданның қажеттілігін жаба алмаймыз.

Аудан тұрғындарының жалақысы бойынша, бұрынғыдай Айыртаулықтардың жалақысы ең төмен – 85 850 теңге. Дегенмен, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жақсы дамып келеді. Өткен жылы АЙыртау ауданына 70 жас маман келіп, 36-сы тұрғын үй сатып алуға 118 млн теңгеге несие алған. Кездесуге қатысқандар, мемлекеттік бағдарламалар мен субсидиялар ауыл өмірін бірталай жақсартуға септігін тигізеді,  деген қорытынды жасады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...