ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

АҚЖАР АУДАНЫНДА - ЖАҢА ӘКІМ

18:43, 19 маусым 2018

Ақжар ауданына  жаңа  әкім тағайындалды. Актив отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов  жиналғандарға  Ербатыр Мадьяровты таныстырып, оған  бірқатар тапсырма жүктеді.  Ең әуелі жаңа басшы астық өнімділігін  ұлғайтып, мал өсіру ісін жетілдіру, елдімекендерді абаттандыру  мен жалақы мөлшерін арттыру мәселелеріне назар аударуы тиіс.

ҚР Президенті әкімшілігі  және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен  Ақжар ауданының  әкімі болып Ербатыр Мадьяров тағайындалды.  Өңір басшысы жаңа әкімді аудан активіне таныстырды.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

-  Ербатыр Қайыргелдіұлы Омбы облысында 1971 жылы  туған.  Омбы қаласындағы мемлекеттік аграрлық университетті бітірді. Мамандығы - мал дәрігері. Еңбек жолын өз ауданында бастады. Кейін Петропавл қаласына көшіп келіп, сол қызметін жалғастырып келді. Ауыл шаруашылығы саласында білімді маман деп есептеймін.

Жиналғандар бұған дейін ауданға жетекшілік еткен Серікбай Тұралиновты қошеметпен зейнет демалысына шығарып салды. Ол осы лауазымда 3 жыл қызмет етіп,облыс әкімінің айтуынша  біраз жұмыс тындырды. Ауданның дамуына үлес қосып, мемлекеттік тапсырмаларды бұлжытпай орындағаны үшін Серікбай Тұралинов алғыс хатпен марапатталды.        

Жиын барысында Құмар Ақсақалов ақжарлықтарға алда болатын тың өзгерістер  жайында айтып, бір қуантты. Ауданда жаңа үйлер тұрғызылып, орталықтандырылған ауыз су жүйесі тартылады, медициналық қызмет көрсетудің сапасы жақсарып, жолдар жөнделеді.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Талшық ауылына апаратын жолды шекараға дейін созамыз. Шекарадан Дәуіт пен Бидайық  ауылдарына қарай жолдары үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлейміз.  Бұл жұмысты жеделдетіп, жөндеуге келесі жылдан-ақ кіріссек дейміз. Басты мақсатымыз, сіздерді  жақсы, сапалы жолмен қамту.

Ақжар ауданы ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы мекен. Бұл сала жаңа басшыға аса жақын, әрі таныс. Сондықтан, осы жағынан оған үлкен үміт артылып отыр. Айталық, өткен жылы мұндағы өнімділік орташа болған.  Биыл бұл  көрсеткішті көтеру талабы қойылды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жаңа сайланған әкімге деген ең басты талабымыз бұл саланы дамыту. Мемлекеттен беріліп жатқан қолдауды білесіздер. Осында отырған шаруашылық басшыларына үнемі айтылып жатады. Сондықтан сіздерден жақсы жұмысты талап етеміз. Биыл май дақылдарды 1 млн гектарғадейін жеткізуге тырыстық. Өйткені май дақылдары ең көп өным беретін дақылдар.

Өңір басшысы айтқандай, минералды тыңайтқыштарды тиісті көлемде қолданбағандар әдетте аз өнім алады. Биыл жоспар бойынша топыраққа  7,5 мың тонна тыңайтқыш сіңіру қажет. Ербатыр Мадьяровқа 1 тамызға дейін келісім-шарт түзу жөніндегі жұмыстарды аяқтау тапсырылды. Мал шаруашылығына  келер болсақ, ауданда  соңғы 5 айда  ірі қара мал санының 2,5 пайызға көбейгені,  ал жылқы санының 0,4 пайызға кемігені байқалады.   Ербатыр Мадьяров, өз кезегінде өзіне артылған  сенім үшін алғыс айтып, Ақжар ауданының гүлденуіне бар күшін салуға  уәде етті. 

Әсел ОРАЗБАЕВА, Яна ГЛАДКОВА

Тегтер: Петропавл жаңалықтары мен оқиғалары, Солтүстік Қазақстан облысының соңғы жаңалықтары, Петропавлдағы соңғы жаңалықтар, Ақжар ауданында жаңа әкім

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...