ШҰҒЫЛ! ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ШАРТ Толығырақ

АУДАН ӘКІМДЕРІ БІЛІКТІЛІКТЕРІН АРТТЫРЫП ЖАТЫР

17:51, 14 наурыз 2019

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының солтүстікқазақстандық филиалы облыстың аудан әкімдеріне арнайы семинар ұйымдастырды. Бір апталық оқыту курсының мақсаты - мемлекеттік қызметкерлердің трансформациялық ойлау қабілетін қалыптастыру. 

Оқыту курсы аясында аудан әкімдері С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болды. Сирек кездесетін кітаптар бөлімін, оқу залын,  каворкинг орталығын тамашалауға мүмкіндік алды. Аудан басшыларына арналған танымдық экскурсия, семинармен жалғасты. Саясатты жаңғырту, экономиканы және қоғамдық сана сезімді өзгерту тақырыбында дәрістер оқылды. Мемлекеттік қызметкерлерге қойылып отырған бүгінгі талап - сана-сезімдерін өзгерту, жаңашылдықтарға дайын болу. Семинарға қатысушылар аталмыш оқыту курсының тиімділігін байқап үлгерген. 

НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аудан әкімдері, мемлекеттік қызметкерлер, біз халықпен тікелей жұмыс істейміз. Алып жатқан ақпаратқа көңіліміз толып отыр, барлық сала қамтылған. Ұйымдастырылу жағына келетін болсақ, барлығы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Бізге мемлекеттік басқарма мамандары, орталық мемлекеттік органдар өкілдері дәріс оқыды. Бұл тікелей орталық пен аймақ арасында ақпарат пен тәжірибе алмасуға оң септігін тигізетініне сенімдімін.

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
20:33, 26 маусым 2020
АҚПАРАТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...