ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

АУДАН ӘКІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР

14:36, 11 наурыз 2019

«Аумақтық дамудың трансформациясы». Дәл осындай тақырыпта бүгін облыстық әкімдікте аудан басшыларының біліктіліктерін арттыруға арналған семинар басталды. Аудан әкімдерін Ауыл шаруашылығы министірінің бірінші орынбасары, жобалық менеджмент бойынша сертификатталған жаттықтырушы Арман Евниев және ҚР Президенті  жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілдері оқытады. 5 күнге жалғасатын семинар жайлы толығырақ әріптесім баяндасын.

Елбасы өз жолдауында мемлекеттік қызметшілер мен билік басындағыларға халықтың әл  ауқатын жақсартуға, экономикалық әлеуетті арттыруға, сондай – ақ экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты нақты тапсырмалар берді. Осы міндеттерді орындау мақсатында ел көлемінде түрлі ауқымды шаралар қолға алынды. Солардың бірі бүгінгі семинар. Өйткені мемлекетті дамыту үшін білікті басшылар қажет. Сондықтанда оқу – семинарына барлық 13 ауданның әкімі жиналған. Бұл шараның маңыздылығын сезінген басшылар жұмыс кестесін өзгертуге де әзір.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Әр оқудың өзінің пайдасы барғой. Бүгінгі семинарға жиналып жатқанымыз ойлаймын бұл жақсы нәрсе. Өйткені заңдағы құжаттарды. Күнде емес енді анда санда жаңалары шығады. Соны біліп, қателіктер жасамай деген сияқты. Мемлекеттік бағдарламаларды қалай іске қосу, оның пайдасын тезірек көру. Сол жағынан білім береді.

Семинарды облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет ашып берді. Ал, Арман Евнеев аудан әкімдеріне ауыл шарушылығы өнімдері мен экспорт көлемін ұлғайту, мемлекеттік жобларды тиімді жүзеге асыру сынды тақырыптарда дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісті. Оның  айтуынша бюрократиялық жүйеден бас тартып, экономикалық әлеуетті арттыру бағытында жаңа тәсілдерді қолдану керек.

АРМАН ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкінішке орай осы қалыптасып келе келе жатқан. Вертикалды түрде құрылған бюрократиялық жүйемен істеп келе жатырмыз. Ол бүгінгі заманға сай келмейді. Сондықтан біз бұл жүйені өзгертуіміз керек. Қалай шешім қабылдаймыз, оны қалай орындаймыз мына халықты, кәсіпкерлдерді  қалай осы жұмысты бірігіп істейміз ба әлде өізіміз кабинеттерде отырып бірдеңені қағазға саламызда өзіміз істейміз ба? Міне осындай кемшіліктер бар.

Семинар бес күнге жалғасады. Осы уақыт аралығында елордадан келген жаттықтырушылар аудандарды аралап әкімдердің жұмысымен танысып, тәжірибе жүзінде ақыл-кеңес береді.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...