ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

АУЛАЛАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

14:44, 28 қаңтар 2019

Өткен жылы Петропавлдың 112 үй ауласы абаттандырылып, асфальт төселді. Шаһар басшысының екінші есептік кездесуінде биыл осы жұмыстарды жалғастыру қажеттігі жөнінде көп өтініш түсті. Қала әкімі Марат Тасмағанбетов алдағы көктем мен жазда облыс орталығында ауқымды жұмыс жүргізіліп, аулалар жоспар бойынша жаңартылатынына уәде етті.       

Екінші есептік кездесуге қаланың Бензострой, Сенная база, Жұмысшылар кенттері, Вокзал маңы ауданы мен Универсальная, Егемен Қазақстан мен Абай-Әуезов көшелерінің  тұрғындары жиналды. Қала әкімінің есебі бойынша, облыс орталығының 22 мыңнан астам тұрғыны шағын және орта бизнес нысандарында жұмыс істейді. Мемлекет өз кезегінде кәсіпкерлерге  бірқатар қолдау бағдарламаларын ұсынады.  

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қалада 15 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектісі бар. Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында 819 млрд теңгені құрайтын 41 өтініш мақұлданды. Өткен жылы облыс орталығында бірқатар жаңа  кәсіпкерлік нысан ашылып, тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтыды.

Баяндамадан кейін шаһар басшысы дәстүр бойынша жәшіктерге келіп түскен хаттарды оқыды.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Украинская 219 мекен жайындағы үйдің тұрғындары аула жолдарына асфальт төсеуді сұраймыз. Дәл осындай сұрақтар Гагарин 2, Сатпаев 42,  Батырбаян 58 үйлерінің тұрғындарынан келіп түсті. Алдын ала есептеу бойынша Украинскаядағы ауланың жолын жөндеу үшін  23,2 млн, Гарагин көшесіне, 14 ,2 млн теңге, Сатпаев көшесіендегі үйге 6,8 млн,  Батырбаян көшесіндегі үйге 4,5 млн теңге қажет. Соңғы жылдары бұл мәселеге басты назар аударылып келеді, биыл жұмыс жалғасады.

Кездесуге келген тұрғындардан өтініштер  әдеттегідей, аббатдыру мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының жұмысына қатысты түсті.

- Мен Белинский көшесіндегі 69 үйде тұрамын. Көршіміз екеуміздің үйі көктем мен жазда су астында тұрады. Былтыр жұмысшылар көшедегі су арықтарды   жартылай тазалап кетіп қалды. Мәселені шешуге көмектесіңізші.  

- Жауапты органдар мекен жайды жазып, протоколға енгізіңіз. Биыл мәселеңізді шешеміз.

Былтыр атқарулған ауқымды жұмыстардың нәтижесін көрген жұртшылық, микровон арқылы шаһар басшысына ризашылығын білдірді.   

- Өткен жылы біз тұратын  Жабаев 290 және Мир 187 үйлердің ауласына жаңадан асфальт төселді. Тұрғындар атынан үлкен алғысымызды білдіруге рұқсат етіңіз.

2 сағатқа созылған кездесу барысында қала әкімі тұрғындардың барлық сұрағын тыңдап, жауап берді. Келесі, соңғы есептік кездесу 30 қаңтар балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында өтеді.    

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ
17:58, 13 қаңтар 2020
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...