ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

БАЛАЛАРҒА ДЕПУТАТТАР ҚОНАҚҚА КЕЛДІ

21:09, 20 наурыз 2019

Ата-анасының қамқорынсыз қалған 49 бала Полудин балалар үйінде пана тапқан. Мерекелерде бұл балалар назарсыз қалмайды. Наурыз мерекесі күндері оларды облыстық мәслихат депутаттары құттықтай келіп, сыйлықтарын табыстады.  Толығырақ келесі бейнематериалды.

3 пен 15 жас аралығындағы 50 шақты бала қонақтарды қарсы алуға дайындалыпты. Ұлттық киім киген олар салт-дәстүрлерді көрсетіп, би билеп, ән айтып, мәре-сәре болды. Әрине, қонақтар да бос қол келмепті. 

ТӨЛЕГЕН ӘБІЛМӘЖІНОВ, М.ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ  

Былтыр балалар үйінің  22 тәрбиеленушісі жаңа отбасы тапса, биыл  4 баланы асырап алыпты. Балалар үйінде қазір апалы-сіңлілі, ағалы-інілілер де тәрбиеленіп жүр. Тіпті  бір отбасының 6 бірдей баласы осы жерді пана еткен. Мекеменің  37 тәрбиеленушісі мектеп оқушысы болса, 12 бүлдіршін балабақшаға барады. Бос уақыттарында жеткіншектер спорт және көркемөнер үйірмелеріне қатысады.

- Біз Наурыз мерекесіне қазақ ұлттық биін әзірледік. Бұл менің сүйікті мейрамдардың бірі. Барша халыққа денсаулық. Елімізге тыныштық тілеймін. 

- Мен кітап оқығанды ұнатамын. Сурет саламын. Балалармен жай ғана дос емеспіз, бауындаймыз.  

Облыстық маслихаттың депутаттары балалрдың тұрмыс жағдайымен де танысты. Мекемеде оқу кабинеттері, жатын бөлмелерден басқа медициналық пункт, спортзал бар екен. 75 маман еңбек етеді.  Күн сайын балалармен логопед,  психолог жұмыс істейді.  Тіпті сенсорлы бөлме де бар.  

ТАТЬЯНА ТОКАРЕВА,  ПОЛУДИН БАЛАЛАР ҮЙІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Балалар қонақты асыға күтеді, олар үшін бұл - үлкен мереке. Тәрбиеленушілеріміз адамдарға жақын, ойларымен бөлісіп, сырласқанды жақсы көреді. Мекеменің материалдық базасы жыл сайын жақсарып келеді. Бұл әрине мемлекеттен көрсетіліп жатқан көмегі мен демеушілердің арқасы.  

Депутаттар да балалар үйіне материалдық көмек көрсетпек. Биыл олар мекеме ғимаратының терезелерін пластикке ауыстырып, балаларға спорт алаңын құрып беруді уәде етті.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...