ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

БІЛІМ ЖӘНЕ СПОРТ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ КӨРНЕКТІ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ ЕСІМІН БЕРУ ҰСЫНЫЛДЫ

20:35, 29 наурыз 2019

Былтыр жастар саясатын жүзеге асыруға облыста 185,5 млн теңге қаржы бөлінсе, осы жылы ол бірнеше есеге өскен.  2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы жұмыссыз жастардың саны 7,9 пайызды құрапты. Жастар жылына орай биыл оларды қолдауға арналған іс-шаралар саны артпақ. Бұл туралы облыстық мәслихаттың 32-ші сессиясында айтылды. Жиынға өңір басшысының орынбасары М.Қожахметов қатысты. Толығырақ арна тілшісі тарқатсын.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жастар арасында 13 әлеуметтік жоба жүзеге асырылған. Солардың бірі - «Жас проджект» бағдарламасы. Нәтижесінде 67 грант бөлініп,  236 жас кәсіпкер өз ісін өрге домалатты. 497 жас маман «жастар тәжірибесі» арқылы жұмысқа орналасып, 677 адам «Жасыл ел» бағдарламасына қатысқан.

ИРИНА ТУХВАТУЛИНА, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- Өңірдегі жастарды жұмысқа орналастырып, өз кәсіптерін ашуға көмектесу қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы 352 жас маман дипломмен ауылға бағдарламасына қатысуға өтініш білдіріп, олардың 236-сы жұмыспен қамтылды. 2017 жылға қарағанда, өткен жылы жұмыссыздар саны азайған. Сонымен қатар, Елбасымыз осы жылды жастар жылы деп жариялағандықтан оларды қолдауға арналған  түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, еріктілер тобын көбейту жоспарымызда бар.

Сонымен қатар, шара барысында Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім және спорт мекемелеріне қайраткерлердің есімдерін беру туралы мәселе де талқыланды. Сессия қатысушылары өңір басшысының орынбасары Мадияр Қожахметовке бірауыздан келісілген  ұсыныстарын білдірді.

КЕМЕЛ ОСПАНОВ, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

- СҚО Жамбыл ауданы комуналдық мемлекеттік білім беру мекемесінің Преснов жалпы білім беру орта мектебіне даңқты қолбасшы Қожаберген жыраудың, СҚО  мамандандырылған спорт мектебіне Камил Сафиннің есімін беруді ұсынамыз.

Жиын соңында сессия қатысушылары  аталған ұсыныстарға  өздерінің  оң пікірлерін білдірді.

Жансая ҚАЙЫПОВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...