ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ ҚАЛА ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

14:50, 12 сәуір 2019

Ғ.Мүсірепов ауданының  бұрынғы әкімі Болат Жұмабеков енді Петропавл қаласының басшысы  болып тағайындалды. Еске сала кетсек, Болат Серікұлы осыған дейін 2012-2013 жылдары  бұл  лауызымында болған еді. Құмар Ақсақалов  жаңа-бұрынғы әкімге зор сенім білдіріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов үкімімен Петропавл қаласы әкімінің лауазымына Болат Жұмабеков  тағайындалды.  Болат Серікұлы Көкшетау облысының тумасы. Мамандығы бойынша агроном және заңгер. Бүгінге дейін, Петропавл қаласының әкімі болды, Қызылжар, Тимиряз және Ғ.Мүсірепов аудандарына жетекшілік еткен. Облыс әкімінің орынбасары да болды.  Енді міне, араға уақыт салып,  қайтадан облыс орталыған басқармақ.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- ҚР Президент әкімшілігі және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша менің үкіміммен Болат Серікұлы Жұмабеков Петропавл Қаласының әкімі болып тағайындалды. Болат Серікұлын Сіздермен таныстурға қажет емес шығар, жақсы білесіздер, танисыздар, қаланы басқарған кезінде. Сондықтан, өте тәжірибелі азамат деп есептеп, осы лауазымға ұсындым, тағайындадым.

Өңір жетекшісі жаңа басшыға қаланың өсіп өркендеуі, әлеуметтік экономикалық дамуы үшін аянбай қызмет етуді тапсырды. Сонымен қатар, облыстағы өндіріс орындарының 70 пайызы  Петропавл қаласында орналасқандықтан, шаһардың  өндірістік әлеуетін жоғарлатуды міндеттеді.  Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырылуда және бүгінгі таңда қала күннен күнге көркейіп келе жатыр. Осы жұмыстар тоқтап қалмауы тиіс екенін айтты. Мәселен, соңғы үш жыл ішінде құрылыс жұмыстары 30,5 пайызға өскен. Болашақта шаһардағы « Қапай» шағын ауданыдағы үйлер сырылып, жаңалары тұрғызылады.  Өткен жылы 640 тозығы жеткен үйл сырылған, олардың иелеріне жаңа тұрғын үйден баспана тапсырылды.  Жалпы, жақында облыс орталығында 18 қабатты үй  де пайда болмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында биыл қаланың 6012 кәсіпорын жетекшісімен, өз қызметкерлерінің жалақысын арттырамыз деген меморандумға қол қойылды. Болат Серікұлы осы істі бақылауыңызға алыңыз. Өткен жылы 6 мыңнан астам адам жұмысқа орналасып, 2642 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

Сонымен қатар, биыл Петропавл қаласының көшелерінен әлемге белгілі бренд Голден Драгон маркалі су жаңа жолаушылар тасушы автобусын кезіктіруге болады.Қазір  қала тұрғындарын 343 автобус тасымалдайды. Облыс әкімі әзірге жол жүру ақысы өспейтіндігін айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл марка енді Алматы қаласында шығарылады. автобустар үлкен, едені төмен, салқындатқыштары бар, Жақында  бұл автобусқа тестілеу жасайтын боламыз. Яғни, автобус аялдамалырына тоқтау, көшелерде жүруге ыңғайлы болса, жыл соңына дейн 30-50 шақты автобусты жалға аламыз.

Құмар Ақсақалов қаланың жаңа әкіміне осының барлығын халық игілігі үшін  ойдағыдай жүзеге асыруда    көп еңбектену керектігін айтты. Еске сала кетсек экс қала әкімі Марат Тасмағамбетов облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған еді. Марат Иманбайұлы өзімен бірге қызмет атқарған қала активіне және оған сенім артқан өңір жетекшісі Құмар Іргебайлұлына алғыс айтып, шаһардың жаңа басшысына сәттілік тіледі.

БОЛАТ ЖҰМАБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Барлық тапсырылған міндеттерді қала активінің көмегімен бірлесе орындаймыз деген үміттемін. Сенім артып, жаңа лауазымға тағайындалуымды қолдағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.  

Жиынға келген депутаттар жаңа әкімді лауазымымен құттықтап, жұмыста сәттілік тіледі.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...