ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ДӘРІГЕРЛЕР ЖЕТІСПЕУШІЛІГІН ЖОЮ ҚАЖЕТ

20:44, 25 ақпан 2019

Облыс әкімінің биылғы есептік кездесуінде тұрғындар денсаулық сақтау жүйесіне қатысты көптеген сұрақ жолдаған еді. Осы себепті өңір басшылығы кезекті отырыста медицина саланындағы мәселелерді қарастырып, кадр жетіспеушілігін, дәрі-дәрмекпен қамту, дерттердің алдын алуы және тағы басқа сұрақтарды талқылады.

2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемелекеттік бағдарламасы негізгі 7 бағыт бойынша жүзеге асырылады. 

ТИМУР СҰЛТАНҒАЗИЕВ, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біріншісі аурулардың алдын алу. Скринигтен жоспарланған тұрғындардың 101 пайызы өтіп, мыңдаған  азаматтың дерті  бастапқы кезеңде анықталды. Екінші және үшінші емханаларда   отбасылық денсаулық орталықтары құрылды.  Алдағы уақытта осындай тағы 3 орталық пайда болмақ.

Бұл орталықтар жаңа көпқабатты үйлердің бірінші қабатында орналасып, отбасылық дәрігерлер қолжетімді жерде медициналық көмегін көрсетіп отырады. Өткен жылы туберкулезға шалдыққандар мен көз жұмғандардың саны азайды. «Ауруларды басқару бағдарламасы» енгізіліп, қант диабеті мен күретамырлы қан қысымының көтерілуі дертіне шалдыққандар қатары сиреді. Бұл бағдарлама бойынша жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің жалақысын кезең –кезеңмен 20 пайызға көбейту басталды. Емдеу мекемелерінде инсульттан кейін көз жұму көрсеткіші азайғанымен, бұл дерттен кейін үйге жіберілгендер арасындағы өлімнің саны 9 пайызға артты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әр жағдай бойынша зерттеу, анықтау жүргіздіңіз бе? Неге олай болды. Неге үйге жіберілген науқастар көз жұмды? Дәрігердің ұсыныстарын орындаған жоқ па? 

- Өкінішке орай облыста бұл науқастарға қажетті оңалту орталықтары жоқ. Инсульт алған науқастардың оңалтуы ұзақ әрі күрделі жұмыс. Соның өзінде, біздегі бар технологиялардың арқасында бұл науқастарды емдеу сапасы әлдеқайда артты. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша, медицилалық мекемелердің жабдықталуы біраз жақсарды.  Алайда, денсаулық саласының шешімін таппай жатқан мәселесінің ең бастысы, кадр тапшылығы. Әсіресе елдімекендерде қатты сезіледі.Әр маманға 1,5 млн теңге көлемінде берілетін көтерме ақы да мәселенің шешілуіне септеспей отыр.  Облыс әкімі аудан әкімдерімен селекторлы байланыс арқылы дәрігерлердің жетіспеушілігін анықтап, мәселені шешу керектігін баса айтты.

Маңызды сұрақтардың бірі - тегін дәрі-дәрмекпен қамту мен  дәріханаларда бағалардың көтерілуі. 2018 жылы  өңірдің 80 мың тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған. Бұл 2017 жылға қарағанда 6 пайызға көп.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Дәрілердің бағасын реттеу туралы заңға қол қойылды. Тиісті нормативті актілер қабылданған соң  дәріхана тауарларының бағасын реттейтін боламыз.  

Әкімдіктің отырысына жиналғандар облыста білім беру саласынының жағдайын да талқылады. Мысалы, шағын елді мекендерде білім беру деңгейі өте төмен. Бұған шағынжинақты мектептер себеп. Облыста 380 осындай білім беру мекемесі бар.  

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Осындай мектептерде бірнеше сынып оқушылары бір бөлмеде білім алады. Олаға бір мұғалім бір мезетте сабақ береді. Оған қоса, осындай мектептерде ұстаздардың жетіспеушілігінен бір маман бірнеше пәнен сабақ береді. 

Осы мәселені шешу үшін білім басқармасының жетекшісі шағын жинақты мектептерді біріктіріп, олардың негізінде толыққанды мектеп салу туралы ұсыныс айтты. Облыс әкімі бұл ұсынысты қолдап отыр. Бастама балалардың білім деңгейін арттыратынына сенімді. Оған қоса, жиын барысында көктемгі су басудың алдын алу шаралары пысықталып, нан бағасының көтерілуі, көмірмен қамту сияқты өзекті мәселелер де қарастырылды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...