ШҰҒЫЛ! ТҰРҒЫНДАР ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ТАҢДАЙДЫ Толығырақ

ӘКІМДЕРДІҢ ЕСЕП БЕРУІ ЖАЛҒАСУДА

14:02, 14 қаңтар 2019

Солтүстікқазақстандықтарды әлі де ауыз су, жайылым жетіспеушілігі мәселелері алаңдатады. Мамлют ауданы Дубровное ауылының тұрғындары округ және аудан әкімінің есеп беру кездесуінде осы мәселелерді көтерді. Аудан басшысының міндетін атқарушы Рустам Ғаббасовтың айтуынша, биыл бұл мәселелер оң шешілмек. Толығырақ тілшіміз Самат Сапаралы тарқатады.

Есептік кездесу Дубровное ауылдық округі әкімінің баяндамасынан басталды. Ауыл әкімінің сөзінше округке төрт ауыл қарайды және онда бір жарым мыңға жуық адам тұрады. Жеке шаруашылықтар мен серіктестіктерге 2018 жылы 73 млн. 381 мың теңге субсидия берілген. Оңтүстіктен көшіп келген отбасына үй беріп, жұмыспен қамтыдық деп отыр. Алайда Новодубровное мен Пчелино ауылының тұрғындары әлі күнге дейін ауыз суды Дубровное ауылынан тасып ішеді.

ГАЛИНА ШВЕЦОВА, ДУБРОВНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

- Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту үшін республикалық бюджеттен Преснов топтық су құбырын қайта жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді. Қазір Михайловка, Новодубровное және ПчелинО ауыцлдарына су тарту жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң Михайловка ауылының әрбір үйіне су кіргізіледі.

Одан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы Рустам Ғаббасов ауыл халқы алдында 2018 жылғы жұмысы жайлы есеп берді. Өткен жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 64 пайызға артып,  3 млрд. 342 млн. теңгені құраған. Жылды жақсы қорытындыладық деген әкімнің міндетін атқарушы осы жыл да мамлюттіктер үшін табысты болады деп отыр. Өйткені биыл аудандағы ең ірі жоба, «Мәмбетов және К» КС-де 600 мал басына арналған жаңа сүт кешені іске қосылады.

РУСТАМ ҒАББАСОВ, МАМЛЮТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Бүгінгі күні 50,1 млн. теңгеге симентал тұқымды 605  мал сатып алынды. Жаңа кешенді құруға бөлінген инвестиция көлемі 2 млрд. 300 млн. теңге. Жоба 2019 жылы іске асырылып, 20 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Былтыр ауданда 25 мың тонна сүт, 4,2 мың тонна ет, 10 млн.нан астам жұмыртқа өндірілді.

Әкімдердің докладынан соң аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Серік Әлжанов та өткен жылғы криминалдық жағдайды баяндады. Мемлекеттік қызметкерлердің есебінен соң арнайы қойылған жәшікке келіп түскен сауалдарға кезек келді. Онда тұрғындар ауылдарды сумен қамту, елді-мекен жанынан жайылым жерлерді көбейту мәселелерін жазыпты.

СЕРІК ДҮЙСЕМБАЕВ, МАМЛЮТ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Егер ауылды жерлердің жанынан жайылым жетпей жатса, Сіздер тұрғындармен жиналып, аудан әкімінің атына қолдаухат жазыңыздар. Біз одан әрі жақын маңдағы шаруашылықтың жерін мемлекет қажеттілігіне деп қайтарып алып, Сіздерге жайылым ретінде береміз.

Жалпы аудан әкімнің міндетін атқарушы Рустам Ғаббасов көтерілген мәселелерді жыл көлемінде шешуге уәдесін берді.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ ХАТШЫСЫ  ОБЛЫСҚА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН  КЕЛДІ
17:51, 25 сәуір 2019
ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАУАПТЫ Х...
Толығырақ...
ЖАҢА ТЕАТРДЫҢ ДИЗАЙН-ЖОБАСЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАДЫ
20:50, 24 сәуір 2019
ЖАҢА ТЕАТРДЫҢ ДИЗАЙН-ЖОБАСЫ КӨҢІЛДЕН ШЫҚПАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
17:50, 17 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
15:14, 23 сәуір 2019
МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА НЫҒАЙТЫЛУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
17:56, 19 сәуір 2019
ПЕТРОПАВЛДА ҚАҢЫРАҒАН ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ
Толығырақ...