ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ӘКІМДІК ОТЫРЫСЫ

18:05, 3 маусым 2019

Қаланың және Қызылжар ауданының 1200 саяжай участкесі электр жүйесіне қосылады. Алдағы уақытта мұнда сумен қамту мәселелері де шешілмек. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов әкімдікте өткен кезекті отырыста тиісті органдарға осындай тапсырма берді. Оған қоса, өңір басшысы білім басқармасы ұсынған  «Уақытша отбасы» жобасын қолдады. Пилоттық жоба жаңа оқу жылында жалғасын табады.

Саяжайшылардың өзекті мәселелерің қатарында бұрынғысынша су және жарықтандыру, жолдар мен саяжай күзеті тұр. Петропавл қаласының әкімі  Болат Жұмабековтың есебі бойынша  облыс орталығында 136 бау-бақша бірлестігі бар. 47 мыңнан астам саяжай участкесінің 23 мыңы қолданылып келеді. Олардың басым бөлігі жарық  және сумен қамтылған.  Биыл  тағы 1200-іне электр сымдары тартылмақ. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Саяжайлардың 51-і, яғни 37 пайызы электр желісіне қосылмаған. Салдарынан тұрғындар заңсыз қосылып, өрт шығу қаупі жоғарылайды.  Аса ірі саяжайларды қосу үшін биыл бюджеттен қаражат бөлініп жатыр. 1200 саяжайды келесі аптадан кешіктірмен қосыңдар.

Саяжайларға апаратын бағыттарда 9 компания қызмет көрсетеді. Жиында жылы күндері және демалыстарда қосымша автобустарды шығару мәселелсін қарастыру керек екендігі айтылды. Полицейлер   саяжайларды  тек екі бағыт бойынша қадағалап жүр. Бұл өте аз. Құмар Ақсақалов департамент басшысына патрульдік бағыттардың санын арттыруды тапсырды.  Саяжайлар мен олардың маңындағы тазалықты да назарда ұстау қажет.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Саяжайлардың біразінде санитарлы нормалар сақталмаған. Кеше аралап көрдім. Неге жүйелі түрде жұмыс істемейсіңдер.

Күн тәртібіне енгізілген тағы бір мәселе – «Уақытша отбасы» жобасының іске асырылуы.  Бастама өткен оқу жылында облыстың 3 ауданында қолға алынып, тәжірибеден өтті. Жоба шағын комплектілі мектептерде оқитын және интернаттарда тұратын балаларға қатысты. «Уақытша отбасымен»  54 үйелмен 61 баланы қамқорлығына алды.   

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Пилотты жобаның мақсаты шағын елдімекендерде тұратын балаларға сапалы білім алу үшін жағдай жасау. Балалар үй маңында жұмыс істеп, еңбекке үйренеді, отбасылық құндылықтарды білетін болады.

Облыстың 229 шағынкомплектілі мектептің балаларын апарып жеткізу мәселесі шешілген. Болашақта елдімекендерді оңтайландыру шаралары жалғасады. Сондықтан, балаларды оқыту мәселесін қазірден бастап шешу қажет- деді өңір басшысы.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Қанша интернаттарды аралап көрдім. Жақсы интернат жоқ. Олардағы атмосфераның өзі интернаттық. Бір бөлмеде 10-15 бала тұрады. Ал «Уақытша отбасы» жобасы бойынша ата-аналардың пікірін білдік. Барлығы жақсы бағасын беріп отыр. Ендеше жаңа оқу жылынан бастап жобаға қатысушылар санын екі есе арттырамыз.

«Уақытша отбасы» жобасы балаларды оқыту мәселесін оңтайлы шешіп қана қоймай, елдімекендерде тұратын отбасылар үшін қосымша табыс әкеледі. Яғни қамқорлығына бала алғаны үшін отбасыға еңбекақы төленеді. Сондай-ақ жоба бюджетті үнемдеуге мүмкіндік бермек. 

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...