ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ӘРІПТЕСТІК, ӘРІ ДОСТЫҚ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС

20:38, 31 мамыр 2019

Облысқа Өзбекстан Республикасы Хорезм өңірінің кәсіпкерлерінен құралған делегация келді. Көрші ағайынды облыстық әкімдікте өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов қарсы алып, ауыл шаруашылығы, туристик және бизнес салаларында екі жақты келіссөздер жүргізді. Жиында мәлім болғандай аймақта қос елдің біріккен сауда орталығы салынбақ. Толағырақ тілшіміз тарқатсын.

Хорезм Өзбекістанның экономикалық әлеуеті жағынан ең ірі облыстарының бірі. Мысалы республика бойынша терілетін  мақтаның 46 пайызы, сүт өнімдерінің 10 пайызы, ал жеміс – жидек пен көкінөністердің 10 пайызы осы өңірде өндіріледі. Қазір облыста көршілеріміздің бірқатар кәсіпорындарымен жұмыс істеп, тауар алмасатын бизнес өкілдері бар. Дегенмен бұл бағытты әрі қарай дамыту керек. Өзбекістандық делегацияның келу себебі де осы.

КУДРАТБЕК ЕГАМБЕРГЕНОВ, ХОРЕЗІМ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

-  Бүгінде облысымызда 250 мың тонна мақта, 490 мың бидай, 1 млн тонна жеміс – жидектер пен көкөністер өсіріледі. Одан бөлек машина жасау саласында да өңіріміздің алар орны ерек. Кәсіпорындардың саны да артып келеді. 

Хорезм жері құнарлы аймақ. Сондықтан ауыл шаруашылығЫ саласында байланыс орнату өңіріміз үшін өте тиімді болып отыр. Мысалы өзімізде жетіспейтін жемістер мен көкөністерді осы елден  тасымалдау жоспарлануда. Ол үшін  екіжақ бірігіп сауда орталығын салмақ. Онда халық тұтынатын өнімдер арзан бағамаен саудаланатын болады.

Осы сауда орнын салу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша қыз мезгілінде көршілеріміз бізге жеміс – жидектер мен көкөністер жеткізіп отырады.

Жиналыста кәсіпкерлік пен сауда саттықтан басқа туризм саласы да талқыланды. Хорезм облысында Хива, Ургенч секілді тарихи көне қалалар бар. Жыл сайын бұл шахарларға туристер ағылады. 2017 және 2018 жылдарды қосқанда Қазақстаннан аталмыш орындарға 5 мыңға жуық отандасымыз барған. Бізде де туристік аймақтар баршылық, сондықтан осы бағытта бірігір жұмыс ітсейік деді өңір жетекшісі. Оған қоса қонақтарды өңірге инвестиция құюға шақырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің елде инвесторлар үшін өте қолайлы жағдай жасалған. Ертең біздің ьизнесмендемен және кәсіпкерлермен кездесіп осы мәселені жан – жақты талқылауларыңызға болады. Тағы бір айта кететін жайт бізде салық мөлшері төмен, оған қоса қомақты субсидия қарастырылған. 

Екі жақты әріптестік өзбек бауырларға да өте тиімді болмақ. Өйткені облыс Ресейдің төрт өңірімен  шектеледі, сондай – ақ Қытай мен Еуропаны жалғайтын Оңтүстік Орал теміржолы да біздің аймақтан өтеді. Батыс пен Шығыс арасындағы тауардың 70 пайызы СҚ арқылы тасымалданады. Айта кеткен жөн көрші ел делегациясының облысқа сапары 3 күнге жоспарланған. Осы уақыт аралығында олар өздері әкелген тауарлар жәрмеңкесін ұйымдастырып, бірқатар өнеркәсіптік нысандарды аралайды.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...