ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

21:09, 18 қаңтар 2019

Түрлі деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есеп беру науқаны жалғасуда. Бұл жолы Есіл ауданының әкімі Мұратбек Әбішев ауданның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының  қорытындысы жайлы тұрғындармен кездесу барысында баяндады. Былтыр ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 33 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар өткен жылы ауданда 6 кәсіпкерлік нысан ашылып, 3000 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.  Алайда, шешілмеген мәселелер әлі де баршылық екен.

2018 жылы Корнеевка, Петровка және Покровка ауылдық округтерінде тұрғын үйлер пайдалануға берілген. Осы уақыт аралығнда 1600 адам жұмысқа орналастырылды. Алайда, екі қолдарына күрек таба алмай жүрген және жұмыссыздық бойынша есепте тұрған есілдіктер біршама. 67 адам қысқа мерзімді кәсіптік білім алса, "Бизнес бастау" бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 121 адам оқытылды.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Аудан бойынша кедейліктің деңгейі 2,1%. 2018 жылы мемлекеттік атаулы көмек және барлық жәрдемақы түрлері 30 млн. теңге көлемінде төленді. 2019 жылы 489 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Елді-мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілген. «Сенжарка-Троицкое-Николаевка» бағыты бойынша жол 60 млн. Теңгеге істелген. Есептік кездесуді пайдалана отырып тұрғындар аудан басшысынан  белгілі бір көшелерді жөндеу және жарықтандыру, Ұлы Отан соғысы мемориалын қайта жаңарту жұмыстары өз жалғасын табады ма деген сауалдарын жолдады. Мұратбек Әбішев өз кезегінде әр есілдіктің сұрағына жауап берді.

ТАМАРА ИГОВЦОВА, ПЕТРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Бұл пункт су құбырының қысымын реттейді ме әлде су тарату пункті болады ма? Сонымен қатар тағы сұрайын дегенім Покровка мен Петровканың ортақ мәселесі болған еді ол су құбырын тармақтау, қазіргі уақытта Покровкада бұл мәселе шешіліп жатыр, ал біздің ауылда бұл жұмыстар қашан басталмақ?

Есіл ауданында ауылшаруашылығын әртараптандыру жұмыстары жалғасуда. 2000 бас ірі қара мал сатып алынды, 2 млрд астам теңге субсидия бөлінді.

МҰРАТБЕК ӘБІШЕВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 2,9 млрд теңгеге ауыл шаруашылық құрылғы және техниканың 172 бірлігі сатып алынды. Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық салымдардың көлемі 11 айда 3,2 млрд. теңгені немесе негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы сомасының 59,8%-ын құрады

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереевтың  айтуынша ауданда бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары өнімділігінің көрсеткіштері төмен, бұл өз кезегінде жер ресурстарын пайдаланудың тиімсіздігін көрсетеді. Сондай-ақ, ет экспорты және тыңайтқыштарды экспорттау бойынша жұмыс әлсіреп тұр.

АСҚАР САҚЫПКЕРЕЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Сұрып жаңарту тек небары 3% құрап отыр, 240 қожалықтың ішінде тек 8 ауыл шаруашылық құрылымы осы бағытта жұмыс істеуде. Өздеріңіз ойланып көріңіздерші егер де осы бағытта жұмыс жақсы жүрмесе онда  жоғары өнімді қалай аламыз?Агроөнеркәсіптік кешенді серпілту үшін заманау технологияларды ендіруіміз керек.

Асқар Сақыпкереев Есіл ауданының басшылығына 2019 жылға арналған кешенді жоспарды әзірлеу барысында кейбір позицияларды нығайту керек, соның ішінде  мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысу қажет екендігін айтып кетті. Биылғы жылы ауылда несиелеу көлемі артып, 5 млрд теңгені құрайды.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ
17:58, 13 қаңтар 2020
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...