Облысқа жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пшембаев келді. Жауапты хатшы облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі департаментімен және облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бірге үлкен жиын өткізіп, «Нұр Отан» партиясының 18-ші съезінде Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асырылуын талқылады.
Жиын барысында мемлекеттік органдарды білікті кардлармен қамту, жолдарды жөндеу, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және тағы басқа өзекті мәселелер қарастырылды.