ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

Инвестиция тарту - дамудың даңғыл жолына бастар игі іс

21:10, 4 қазан 2016

5 қазан СҚО-да «Қызылжар инвест-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтеді. Петропавл әлемнің бірқатар елдерінің кәсіпкерлерін екінші мәрте қарсы алмақ. Форум барысында түрлі саладағы инвестицияны қажет ететін кәсіпорындардың әлеуеті сөз болып, нәтижесінде барлық тараптарға тиімді болатын бірқатар келісім шарттар жасалатын болады. Сонымен қатар,экономиканың өсуін қамтамасыз ететін жаңа жобалар да пайда болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда бұл шара өңір экономикасының дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.

Солтүстік Қазақстан облысы инвестицияларды тартуда мүмкіндігі мол аймақ. Табиғи ресурстар мен минералды-шикізат қоры бай өңір. Бүгін облыс аумағында 286 сирек кездесетін және түсті метал кен орындары анықталған.  Олардың 227-сі инвесторларды күтіп тұр. Мұнда алтын, көмір, темір, қалайы және тағы басқасын игеруге болады. Ауыл шаруашылығы да инвесторлармен екі жаққа тиімді болатындай бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Республикада өсірілетін дәнді дақылдардың үштен бір бөлігі солүстік қазақстанның өнімі. Биылғы орақ науқанының нәтижесінде диқандар 5,6 млн тоннадан астам өнім аламыз деп отыр. Осындай байлықтың арқасында өткен жылы өңіріміз инвестиция тартудан өзге аймақтардың ішінде бірінші орынға шықты.

Өңіріміз инвесторлар арасында танымал болуына соңғы жылдарыжиі өткізіліп жатқан халықаралық форумдар ықпал етті. Айталық жыл басында Петропавлда  республикада алғашқы  инвесторлар кеңесі ұйымдастырылып, оған 9 елдің компанияларының өкілдері қатысты. Нәтижесінде ынтымақтастық жөніндегі бірнеше келісімшартқа қол қойылды. Солардың бірі Тайынша ауданында қытайлық әріптестердің қатысуымен дәнді және майлы дақылдарды тереңдетіп өңдеу. Сәуір айында шетелдік бизнесмендер облыс әкіміне келіп жобаны нақтырақ талқылады.

Зауыттың құрылысы басталып та кетті. Нысанды жыл соңында іске қосу  жоспарланып отыр. Жалпы ҚХР-ның серіктестерімен бірлесіп біздің кәсіпкерлер бірнеше жобаны іске асырып келеді. Атап айтсақ, Шал ақын ауданында қант шығаратын зауыттың құрылысы, Ғ.Мүсірепов ауданында ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеу зауыты және тағы басқалары. Мұнда қытайлық «Ухан Ши Линь Фу Синь» компаниясы мен «Жаннур –Астана» компаниялар тобы серіктес.

Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істеуге итальяндықтарда мүдделі. Қызылжар ауданында олардың қатысуымен майлы дақылдар өңделеді. Өңір бизнесмендерінің фин компанияларымен дежемісті еңбек тәжірибесі бар. 2015 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен  өткен телекөпірде Петропавлда ауылшаруашылық, коммуналды және жүк тасымалдау техникасын шығаратын «КАЗТЕХМАШ Машинажасау зауыты» іске қосылды. Кәсіпорын Финляндия, Польша және Австрия елдерімен әріптестік  орнатты. .

Мемлекет, кәсіпкерлер мен инвесторлардың одағы елімізге қажетті техникалық алғабасушылықты қамтамасыз етті. Енді егін ору комбайндары мен ауылшаруашылық техникасы өзімізде шығарылатын болды. Жергілікті диқандар мен шаруалар бұл техниканы пайдаланып көріп оған жоғары  баға берді. Ал Айыртау ауданында 2018 жылы тұрғызылып жатқан Тауметаллургиялық комбинаттың алғашқы өнімін күтуде. Бұл индустриялық жоба. Оны «Сырымбет» және «Самырұк Қазына Инвест» АҚ жүзеге асырып келеді. Жалпы құны  19 млн. доллардан асады. Және бұл тек бастамасы ғана.

Біздің өңір жағрафиялық тұрғысынан келгенде де өте ұтымды орналасқан. Шекараның басым бөлігі Ресей Федерациясымен ортақ. Яғни өнімді өткізу нарығы кең. Оған қоса петропавлда көп ұзамай көлік-логистикалық орталығы ашылмақ.

Биылғы форумда  да Солтүстік Қазақстан облысы ұтымды жобаларды асыруды мүмкіндік беретін келісімшарттар жасаспақ. Көптеген елдердің делегаттары бұған дейін өңірге келіп жағдайды байқап көрген болатын. Әсерлері жаман емес. Жаңа жобалар жаңа кәсіпорындардың ашылуына, тұрғындар үшін тұрақты жұмыс табуға, кәсіпорындардың одан әрі дамуына ықпал етпек. Осының барлығы елімізді жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.

Әсель ОРАЗБАЕВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...