ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

17:50, 1 ақпан 2019

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағамбетовтың халық алдындағы қорытынды есеп беру кездесуі өтті. Оған облыс әкімі Құмар Ақсақалов та қатысты. Жиында халық, өңір атқа мінерлеріне өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Олардың көбі баспана, аулаларға асфальт төсеу және қоғамдық көліктерге қатысты болды. Тұрғындардың сұрағына жауап берген әкімдер 2019 жылы аулаларды жөндеуге облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаржы бөлінетін, сондай – ақ «7-20-25» бағдарламасы бойынша 500 пәтер салынатын айтты. Билік өкілдері биыл тағы қандай шараларды қолға алмақ? Әріптесім жалғастырады.

Әкімнің есеп беру кездесуіне келгендердің бірі Светлана Шабанова. Ол әкімдерге атқарып жатқан ауқымды жұмыстарына алғыс білдіре отырып, өз бұйым тайын айтты.

СВЕТЛАНА ШАБАНОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Абай көшесіндегі 61 үйде Осымен үш жыл қатарынан ыстық сусыз отырмыз. Ыстық су тек жылыту маусымында ғана беріледі. Тиісті мекемелерге талай хабарластық, падасы жоқ. Біз де халық қатарлы өмір сүргіміз келеді.

Мәселе энергитектер жүргізген жөндеу жұмысынан кейін туындаған. Жиынға қатысқан  «СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»  басшысының м.а. Андрей Колиничев бұл мәселені шешуге уәде берді.

АНДРЕЙ КАЛИНИЧЕВ, «СҚО ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ»  БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

Бұл мәселені техникалық тұрғыдан алып қараған жөн. Мұндай жағдай қайталанбайды. Дегенмен үш ай бойы ыстық су болмады дегенге таңданып тұрмын. Мәселені шешеміз.

Ал Петропавл – Бескөл бағытында қатынайтын автобус жүргізушісі Константин Тимичевтың  қоғамдық көліктердің жағдайына көңілі толмайды. Өйткені олар техникалық талаптарға сай келмейді. Соның кесірінен  отбасын асыру үшін тәулігіне 16 сағат жұмыс істейтін азамат жиі айыппұл төлейді екен.

КОНСТАНТИН ТИМИЧЕВ, ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Автогараждан шыға сала айппұлға ілігеміз. Өйткені автобустардың техникалық жағдайлары өте нашар. Оған қоса тұрғындар да шағымданып жатады көліктің жағдайына. Тиісті мекемелерге жүгіндік. Пайдасы жоқ. Көліктерді жаңарту керек.

Облыс әкімі бұл мәселеден хабардар. Осы аптада ғана жолаушы тасымалдаушы мекемелер басшыларымен жиын өткізіліп,  осы сұрақ көтерІліп,  жан – жан жақты талқыланған. Тіпті осы айда билік өкілдері мен ПД бірігіп қоғамдық көліктерде рейд жүргізген болатын.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бұл жағдайдан хабардармыз. Әлеуметтік желілерде, журнлаистеріміздің репортаждарында көріп жүрміз. Бұл сұрақты қайта қарап, мәселені міндетті түрде шешеміз. Бірақ сіздер жақтан да қолдау болуы тиіс.

Ал Ольга Конюшенко әкімнің әр есептік кездесуіне қатысады. Былғары зауыт кентінің тұрғыны көршілерінің өтінішін арқалай келген.

ОЛЬГА КОНЮШЕНКО,ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Былғары зауыты кенті толығымен орталық кәріз жүйесіне қосылған дегенмен біз тұратын участке назардан тыс қалып отыр. Бізді де осы кәріз жүйесніе қосуларын сұраймыз.

МАРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Алдымен жоба жасалуы керек. Әйтпесе қаржы бөлінбейді. Қашан жоба дайын болады, сол кездес қараймыз бұл мәселені.

Бұдан бөлек аулаларға асфальт төсеуге қатысты да бірнеше тұрғын сұрақ жолдады. Қала әкімінің айтуынша былтыр шаһар бойынша аулаларды жөндеуге облыстық бюджеттен рекордтық 600 млн теңге қаражат жұмсалған. Ал баспана мәселесіне келер болсақ, былтырдың өзінде 142 мың шаршы метр тұрғын үй салыныпты.  

МАРАТ ТАСМАҒАМБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Тұрғындарды баспанамен қамту бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. 2018 жылы 142 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 8 көппәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді. Мемлекеттен бөлінген қаржыға 49 пәтерлі үй, ал тұрғындардың қаражатына 44 мың шаршы метр баспана тұрғызылды. 

Елбасымыз жастар жылы деп жариялағандықтан, биыл  студенттерге бөлінетін гранттар саны артады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- СҚО мектеп бітіруші түлектерге арналған гранттар саны артуда. 2018 жылдың өзінде 2017 салыстырғанда гранттар саны 3 есеге артқан болатын. Былтыр 1043 грант бөлінді. Біздгеі түлектер саны 3400. Мұның бәрі өңірдегі жастардың білім сапасын арттыру үшін жасып отыр.

Тағы да айта кететін жайт 2019 жылғы статистикаға сүйенсек СҚО орташа жалақы 129 мыңды құрамақ. Сәйкесінше күнделікті тұтынатын тауарлармен, азық түлік бағасы артқан. Облыс әкімі осы мәселені қолға алуды тапсырды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Азық түліктің бағасына қатысты сұрақ туындады. Мысалы бірінші сұрыпты ұн 109 теңге тұрса, Павладарда 81 теңге. Айырмашылық өте үлкен. Неге бұлай? Немес күрішті алып қарайық бізде оның келісі 238 теңге, басқа өңірледе 210 теңге. Сондықтан бағына қадағалу керек. Барлығын өзімізде өсіріп тұрып, бағаның бұлай шарықтауына жол беруге болмайды.

Жалпы жиналыстан кейін сұрақтарын қойып үлгермеген тұрғындарды өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов пен қала әкімі Марат Тасмағамбетов жеке қабылдады. Барлығының бұйымтайларын тыңдап жуық арада шара қолданатындарын айтты.

Нұрсұлтан ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...