ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БИЫЛҒЫ АЛҒАШҚЫ ЕСЕБІ

20:46, 23 қаңтар 2019

Қоғамдық көліктің жағдайы мен жұмысы жақсарып, жолда жүру билетінің құны өспейді, қалада жаңа мектептер, шағын орталықтар мен аурухана, қазақ театры тұрғызылып, баспана қоры артады. Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетов халық алдындағы есептік кездесуде 2018 жылы жасалған жұмыстары туралы баяндап, болашақ жоспарлармен бөлісті.

Биылғы алғашқы кездесуге облыс орталығының Борки, Новопавловка, Солнечный, Кірпіш кенттері мен қаланың  солтүстік бөлігі аудандарының тұрғындары қатысты. Өткен жылы орындалған  401 өтініш пен ұсыныстың 154-тін осы аудандардың  тұрғындары  айтқан еді.Олардың көбісі   аббаттандыру,  балалар алаңың орнату және асфаль төсеуге қатысты еді.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Есептік кездесуде көтерілетін өзекті мәлелелердің бірі аула ішіндегі жолдарды жөндеу. Өткен жылы бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізіп, 112 аулада асфальт төседік. Тұрғындардың өтініші бойынша  5 шаршы метр аумақта жаяу жүргіншілер жолы төселді.  

Өткен жыл шаһарымыз үшін жаңару жылы болды. Петропавлдың жолдары жөнделіп, бірқатар жаңа нысандар бой көтерді. Қаланың кіреберіс бөлігінде 640-тан астам тозығы жеткен жер үйлер бұзылып орнына жаңа көпқабатты ғимарттар тұрғызылды. Бұл жұмыс биыл да жалғасып, құрылыс қарқыны одан әрі артады.

- Өткен жылы 142 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Құрылыс қарқыны 105 пайызды құрады.  Құрылыс негізінен «Нұрлы жер» бағдарламасының барлық бағыты бойынша жүріп жаты. Мемлекеттік бағдарламалар аясында қалада 8 көпқабатты  және 83 жер үй қолданысқа берілді. Жас өркенде 2500 пәтерге шақталған 10 тұрғын үй кешенінің құрылысы жоспарланған.Первомайский 2 мекенжайында орналасқан 4 апаттық үй құлатылып орнына 93 пәтерлі үй бой көтереді.

Есептік баяндамадан кейін шаһар басшысы дәстүр бойынша жәшіктерге келіп түскен хаттарды оқыды. Тұрғындар қала әкімінен  Семашко көшесіндегі жолды жөндеу, облыс орталығының жолдарын кеңейту, Хименко-Қизатов көшелерінің қиылысында жаңа саябақ тұрғызуды, шіріген ағаштарды кесіп беруді сұрады.  Жиынға қатысушылардан да өтініштер көп,  сұрақ қоюшылардан микрофон алдында үлкен кезек жиналды.

ОЛИМПИАДА КРЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Тоқсан би көшесіндегі 102 үйде 20 жылдан астам тұрып келемін. Мұнда бірде бір жөндеу жүргізілмеген, балалар алаңы орнатылмаған, асфальт төселмеген. Пәтер иелері кооперативі болмағанына қарамастан, өз күшімізбен қалыпта ұстап тұруға тырысамыз.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кооперативіңіз, үйдің басшысы жоқ. Түк істемей, әкімшіліктен сұрай беретін уақыт емес қазір. Жақсы тұрғыңыз келсе, тұрғындар да ұйымшыл болып, айналаға еңбегіңіз сіңуі керек. Мәселерді бірге шешсек қана нәтиже болады. 

Жиналғандардың арасында өтініш білдіру үшін ғана емес, қалада атқарылған шаралар үшін алғыс білдіру мақсатында келгендер де бар.

СВЕТЛАНА ЕПТУШЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Өткен жылы ауламызға көптен күткен футбол алаңы орнатылды. Балалар жаз бойы күн батқанша ішінен шықпай футбол ойнап, денелерін шынықтырады. Ол үшін сізге үлкен алғысымды білдіргім келеді.

Аббаттандыру, коммуналдық шаруашылықтан басқа, қоғамдық көлік мәселесі де көп айтылды. Қуантарлығы жанар жағар май бағасының өсуіне қарамастан, билеттердің бағасы қымбаттамайды, ал автобустардың жағдайы жақсарып, жұмысы жетілдіріледі.    

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ
17:58, 13 қаңтар 2020
СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ САТҚАН ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...