ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ АВТОБУСТАР МЕН АЯЛДАМАЛАР ЖАҢАРАДЫ

17:56, 28 наурыз 2019

2019 жылы облыс орталығындағы қоғамдық автобустардың 18-і жаңаланады. Ал бұл көрсеткіш 3 жыл ішінде 75-ке дейін өседі деп отыр мамандар. Сонымен қатар, тағы да бірнеше аялдама жаңартылмақ. Бұл туралы бүгін қоғамдық кеңестің отырысында осы салаға жауапты мекеме өкілдері мәлімдеді. Сондай-ақ, мәжілісте бірнеше тарифтердің төмендетілгендігі сөз болды. Бұдан былай қай қызмет түрінің бағасы арзандайды, тілшіміз тарқатады.

Бүгінде көпқабатты тұрғын үй маңындағы қоқыстарды шығару адам басына 230 теңгеден болса, жеке үй секторлары тұрғындары үшін 250 теңгені құрайды. Мамандардың сөзінше бұл сома бұдан былай тағы да төмендетіледі.

ДОСЫЛАН БОСЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, ҚР Ұлттық экономика Министрлігінің коммуналдық тарифтерді төмендету бойынша тапсырмасын орындауда, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мен көму бойынша тарифтер төмендетілді. Қоқыс шығару көпқабатты үй тұрғындары үшін 220 теңге, жеке секторлар үшін 234 теңге болды.

Тарифтердің арзандағаны тұтынушылар үшін жақсы жаңалық болғанымен, бұл коммуналдық қызметкерлердің еңбекақыларының төмендеуіне алып келмей ме деген сауалға жауап беруге қиналған Досылан Босынов тарифті қай есеппен қысқартқанын да дұрыс айта алмады.

БЕЙБІТ МҰСТАФИНА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

- Егер «Севказэнерго» тарифті төмендетсе олар қосымша қаржы тапқан шығар, ал қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын мекеме соңғы жылдары ғана жұмысын реттеп келеді. Бұл біздің былтыр тарифті көтергеніміздің арқасында деп ойлаймын. Сондықтан оны қайта төмендетсек, бұл олардың әлеуметтік мәртебесіне әсерін тигізбей ме, жұмысшылардың жалақысы қысқарып қалмай ма?

Біршама талқыдан соң бұл мәселені қоғамдық кеңестің келесі отырысына қалдыру ұсынылды, яғни қатысушылардың сауалдарына толық жауап жоқ. Күн тәртібіндегі екінші мәселе ол – қоғамдық көліктер мен аялдамаларға қатысты. Автобустың жұмыс істеу кестесі, оның ішінің тазалығы, жүргізушінің жауапкершілігі әлі көңілге қонымсыз, - дейді жиналғандар. Ал мемлекеттік қызметкердің сөзінше күн сайын 330 автобус жолаушылар тасиыды және жыл сайын жаңаланып келеді.

ДОСЫЛАН БОСЫНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- 2019 жылы қоғамдық көліктің 18-і жаңаланады деп жоспарланған. 2020 жылытағы 28-і, ал 3 жылдан соң қосымша тағы 29-ы жаңасына ауыстырылады. Бұл барлық көліктің 23 пайызы.

Петропавлдағы 362 аялдаманың 278-і шынымен жабдықталған, тағы үшеуі жылы, ақылды аялдамалардың қатарында. Сондай-ақ биыл олардың тағы 70-ден астамы жаңартылмақ.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...