ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ

17:52, 21 желтоқсан 2018

Петропавлда өткен қоғамдық кеңесте 2019-2021 жылдары облыс орталығына бөлінетін бюджет жобасы қаралды. Шаһардың келесі жылдағы кірістері мен шығыстары 15,9 млрд. теңгені құрамақ. Отырыста тағы да қандай мәселелер қаралды, тілшіміз тарқатады.

Қалалық бюджетке кіріс әкелетін басты бағыт салықтан түсетін қаражат, оның көлемі 13,7 млрд. теңгені құрамақ. Яғни салықтың 45 пайызы әлеуметтік саладан, 30 пайызы алкогольді өнімге берілетін акцизден және жанар-жағармайдан түседі. Келер жылы білім, ТКШ, әлеуметтік көмек пен қолдауға бөлінетін қаржы көлемі арта түспек.

НАЗГҮЛ БЕКМАҒАМБЕТОВА, ПЕТРОПАВЛ Қ. ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.:

- 2019 жылы білім саласына 8,1 млрд. теңге бөлінеді, ол ақша 36 жалпы білім беретін мектеп, 28 балабақша мен 2 мектепке дейінгі ұйымның кем-кетігіне деп жоспарланып отыр. Тағы 2,3 млрд. ТКШ-ның шығындарына жұмсалады және 809,2 млн. теңге әлеуметтік көмекке бағытталмақ.

Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны бір ауыздан мақұлдады. Сонымен қатар, жиында 2019 жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін ер азаматтарды әскер алды тіркеу мен медициналық тексерістен өтуін қолдау мен ұйымдастыру мәселесі  де көтерілді.

РУСТАМ НҰРМҰҚАНОВ, ПЕТРОПАВЛ Қ. ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- 17 жасқа толған ер азаматтар, яғни 2002 жылы туғандар қаңтар мен наурыз айларында Петропавл қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына келуі тиіс. Міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, тіркелгені жөніндегі куәліктерін алуы тиіс.

Қоғамдық кеңесте жалпы 5 мәселе қаралды. Оның ішінде өткен 9 айдың бюджетінің толық орындалғанын бақылау, авто тұрақ категорияларын бекіту, ол жерлерге салық көлемін ұлғайту, сонымен қатар, Петропавл қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоба жоспары қаралды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...