ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН 3 БАСПАНА САЛЫНАДЫ

21:06, 4 наурыз 2019

«Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Елбасы  халықтың, әсіресе көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсартуға баса назар аударған болатын. Оның ішінде әр балаға беретін жәрдемақы, баспана мәселелерін шешу жолдары айтылды. Біздің өңір бойынша да бірқатар жоспарлар құрылды. Мәселен үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар үшін жалдамалы 3 баспана тұрғызылады. Оған қоса өз бизнестерін бастау үшін де жаңа мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылмақ. Бұл жайында облыс басшысы әкімдікте өткен жиында айтты.

Халықтың әл-ауқатын арттыру, оның ішінде тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсартуды Нұр Отан партиясының кезекті съезінде Елбасы тапсырған болатын. Осыған орай облыста бірқатар шаралар жүзеге асырылмақ. Мысалы «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана»  ордендерімен марапатталған әйелдерге берілетін жәрдемақы екі есеге көбейтіліп, 4-5  баладан көп перзент  тәрбиелеп отырған аналарға  биылдан бастап алғаш рет әлеуметтік  жәрдемақы  төленетін болады, - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.Сонымен қатар пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар  үшін  баспаналар салынады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыс бойынша пәтер кезегінде 341 көпбалалы отбасы тұр. Ол үшін 226 пәтерлі үш үй салу жоспарланып отыр. Ол жалдамалы баспана болады. Осылайша біз биыл ресми кезекте тұрған  тұрмысы төмен отбасылардың 50 пайызын үймен қамтитын боламыз. Осыған орай аудан әкімдеріне  тұрмысы төмен әр отбасыны тексеру керексіздер. Баспана жағдайын қарастыру керек. Сонымен қатар Елбасы тапсырмасы бойынша, 2-3 пайыздық мөлшерлемемен Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі арқылы ипотекаға пәтерлер беріледі. 10 пайыздық алғашқы жарна  жергілікті бюджеттен субсидияланатын болады.

Ал жұмыссыздар,  өз-өзін жұмыспен қамтып жүргендер және толық емес көпбалалы отбасылар Еңбек бағдарламасы аясында қолдау ала алады. Аталмыш жоба арқылы несие алуға 2,8 млрд теңге қарастырылған. 300 млн теңгеге грант беріледі. Бұл 1796 азаматты жұмыспен қамтуға септеспек.Сонымен қатар, бюджеттік сала мамандарының жалақылары өседі. Біздің  облыс бойынша бұл 20 мың қызметкер. Сондай-ақ 2 мыңнан астам жергілікті атқарушы органда жұмыс істеп жүрген жалақысы төмен азаматтардың да ақшасы өседі. Президент айтқандай әр облыста 10 базалық колледж болуы шарт. Олардың әрбіреуіне 350 млн теңгеден бөлінеді. Ауылдардың да жағдайы жақсармақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біздің облыста 4 шағын қала мен болашағынан үміт күттіретін  300 ауыл бар.Олар үшін «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар нысандарды күрделі жөндеуден өткізу, жолдарды жөндеу үшін шамамен 2,1 млрд теңге бөлініп отыр. Оған қоса су тарту мен жолдарға деп республикалық қазынадан 680 млрде теңге қарастырылған. Жалпы алғанда съездің қорытындысы бойынша  облысқа қосымша 4,05 млрд теңге бөлініп отыр. 

Бөлініп жатқан миллиардтар медицина саласында да өзгерістер әкеледі. 3 фельдшерлік амбулаторлық пункт іске қосылады. Санитарлардың еңбекақысы 48 мың теңгеден 64 мыңға, медбикелердің жалақысы 76 мың теңгеден 100 мың теңгеге өседі. Петропавлдағы Ойқала мен жас өсркен аудандарында амбулаторлық пунктер ашылады.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН  ҚАБЫЛДАДЫ
15:05, 20 мамыр 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:50, 15 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...