ШҰҒЫЛ! ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА Толығырақ

КРИВОЩЁКОВО АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРІЛДІ

17:54, 10 қаңтар 2019

Кривощёков ауылдық округінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халықпен кездесуде округ әкімі Азамат Жақсыбаев айтып берді. Сонымен қатар есептік кездесуге Шал ақын ауданының басшысы да қатысып, өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталып кетті.  

Кривощёков селолық округіне 5 елді мекен кіреді. Қазіргі таңда мұнда 1183 адам тұрып жатыр. Былтыр «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде Кривощёковоның жолдарын жөндеуге 1,8 млн теңге бөлінген. Соның 1 млн теңгесіне  инертті материалмен сеппе жұмыстары жүргізілді.

АЗАМАТ ЖАҚСЫБАЕВ, КРИВОЩЁКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Қысқы кезеңде жолдарды ұстауға аудандық бюджеттен өткен жылы 489 мың теңге бөлінді, соның 100% игерілді. Су көздерін абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. 4 ескерткіш жөнделіп, 14 шам орнатылды.

Бүгінде округте 1 фельдшерлік амбулаторлы пункт және 3 медпункт жұмыс істейді. Алайда тұрғындар  үшін бұл жеткіліксіз. Жедел жәрдем бригадасының жоқтығы ауыл тұрғындарына бірқатар қиындықтар туғызады. Осындай медициналық қызметтерге мұқтаж жандардың бірі Бахытгүл Ғалиева.

БАХЫТГҮЛ ҒАЛИЕВА, КРИВОЩЁКОВО АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Науқастанып қалғанымызда жедел жәрдем келмейді. Барлығымыз да пендеміз ғой. Осы жағы қиындық туғызады.

Аудандық аурухананың бас дәрігерінің айтуынша, олар жедел жәрдем қызметіне қатысты заңнама аясында ғана жұмыс істей алады.  

АЙДАР МҰСТАФИН,  ШАЛ АҚЫН  АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ  БАС ДӘРІГЕРІ:

Халық саны 2 мың адамнан кем болса, бұл ауылдарға жедел жәрдем жібере алмаймыз. Шұғыл жағдай туындап жатса сіздер Афанасьевка мен Новопокровка ауылдарында орналасқан жедел жәрдемді шақырта аласыздар.

Ауылдық округтің экономикалық дамуының басты көрсеткіші - ауыл шаруашылығы өндірісі болып табылады. Бүгінде мұнда 9 ауыл шаруашылық құрылымы бар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 4 ауыл тұрғыны 8 млн теңге көлемінде несие алған. Жалпы аудан бойынша атқарылған жұмыс жайлы ауыл тұрғындарына Нұрлан Есімов баяндап берді. 2018 жылы аграрийлермен 179 мың гектарға  дәнді, 40 гектарға майлы дақылдар егілген. Бұл көрсеткішті осы жылы 60 мың гектарға дейін көбейту көзделіп отыр. Мал шаруашылығының өсуінің дамуы байқалады. 4 асыл тұқымды шаруашылық, 16 ауыл шаруашылығы кооперативі бар. Өткен жылы ауданда 45 тұрғын үй пайдалануға берілді. Алайда, 2019 жылы да атқаратын жұмыстар баршылық. Әкімнің айтуынша Шал ақын ауданында халықты орталықтандырылған сумен қамтудың төмендігі байқалады. Су төрт елді мекенде ғана бар.

НҰРЛАН ЕСІМОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осыған орай біз жақын уақытта кемінде 10 елді мекенді орталықтандырылған сумен жабдықтауға қосу міндетін қойып отырмыз. Ағымдағы жылы Бірлік, Жанажол, Жанаталап ауылдарын Преснов  топтық су құбырына қосуға жобалық сметалық құжаттар әзірленеді.

Қазіргі уақытта ауданда 38 медициналық мекемеде 26 дәрігер жұмыс істейді. Әлі 13 маман керек.  Нұрлан Есімов 11 бос орын толығады деп сендірді. Сонымен қатар аудан басшысы болашақта 4 мектеп биомассамен жағылатын қазандықтарға өтетінін, 4 аудан ішілік жолдар және осыншама кіреберіс жолдары жөнделетінін айтты.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
17:52, 9 қаңтар 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР
17:53, 11 қаңтар 2019
НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНЕ ОҚУШЫЛАРДАН ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНЫП...
Толығырақ...
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
17:58, 11 қаңтар 2019
«МЕН ЧЕМПИОН» САЙЫСЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...