ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ҚҰРЫЛЫСҚА ДАЙЫН

17:52, 18 қаңтар 2019

Қытайлық инвесторлар Петропавлда салынатын жаңа көпсалалы аурухананың құрылысын өз қаражаттарына бастауға дайын. Өңірді дамытудың кешенді жоспарына енген нысан жайында былтыр айтылған болатын. Қазір жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Орталық Азиядағы инвестициялық корпорация президенті Джан Гау Чинмен кездесіп, өңірдегі бірқатар құрылыс нысандары жөнінде әңгіме құрды.

Былтырдың өзінде құрылыс саласына облыста 80 млрд. теңге бөлінген. 2019 жылы бұл көрсеткіш тағы да жоғарыламақ. Сондықтан да заманауи технологиямен, сапалы жұмыс атқару үшін шетелдік инвесторларды да осы бағытта әріптестік орнатуға шақырамыз, - деді облыс әкімі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Шетелдік инвесторларға біздің елімізде біраз жеңілдіктер бар жұмыс істеуге. Біріншіден кеден шығындары, салық шығындары және мемлекет тарапынан инфрақұрылымға жеңілдіктер бар. Мемлекет тарапынан инфрақұрылымды өзіміз тегін жасап бере аламыз. Осындай шешім қабылданса. Сондықтан Сіздерді бірге жұмыс істеуге шақырамыз.

Солтүстік Қазақстан облысы қытайлық компаниялармен әріптестікті жақсы жолға қойған. Тайынша ауданында көрші мемлекеттің қаржыландыруымен салынған майлы дақылдарды өңдейтін зауыт жұмыс істеуде. Сонымен қатар, Қызылжар және Ғ.Мүсірепов аудандарында комбикорм зауыттарын салып жатыр. Енді облыс орталығында құрылысы басталғалы отырған 800 жатын орындық көпсалалы облыстық аурухананың іргесін қалауды шығыстық көршілерге ұсынып отыр.

ДӘУРЕНБЕК БЕЙСЕМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жаңа аурухананың құрылысы үшін облыс орталығынан 8 гектар жер бөлінді. Қазір жобалық сметалық құжаты дайындалып, мемлекттік сараптамадан өтеді. Жоба бойынша аурухана 12 корпустан тұрады. Заманауи ауруханада 1-2 орындық палаталар болады. Одан бөлек дәрігерлер үшін екі үй тұрғызылады. Жаңа ғимарат өңір тұрғындарына сапалы медициналық қызмет түрін көрсетеді.

Жаңа аурухана Оңтүстік Кореядағы медицина орталықтарының үлгісінде салынады. Сондықтан да қазір облыс әкімінің орынбасары мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы сол елмен тәжірибе алмасып, келісім жасау үшін сапарда жүр. Ауруханадан бөлек жаңа инвесторлар Петропавлдағы көпқабатты үйлерді салу үшін де көмек қолын созбақ. Мұның бәрі де мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асады деп жоспарлануда.

ДЖАН ГАУ ЧИН, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ (ҚҰРЫЛЫС) ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біз Солтүстік Қазақстан облысындағы құрылыс бизнесіне қатысқымыз келеді. Құрылысқа жергілікті тұрғындардың 90 пайызын тарту арқылы көпқабатты үйлер мен басқа да ғимараттар тұрғызуға дайынбыз. Біздің компания өте мықты және тәжірибелі саналады. Көпсалалы аурухананы 3-3,5 жылда салып, аяқтауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар, үйлер мен жолдарды жөндеуге де атсалыссақ дейміз.

Аталмыш компания осы күнге дейін Орталық Азиядағы бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды. Мәселен Тәжікстанда 22,8 млн. долларлық электр зауытын, Ауғанстанда 100 млн. доллардың жолын салып жатыр. Ал Өзбекстанла жылына 2 млн. тонна өндіретін цемент зауытын салу бойынша қазір келіссөздер жүріп жатыр екен.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Енді Денсаулық сақтау басқармасы мен иноовациялық даму басқармасы инвесторлармен жеке сөйлесіп, басқа да мәселелерді талқылап алыңыздар. Петропавл қаласы әкімімен құрылыс орнын барып қараңыздар.

Орталық Азиядағы инвестициялық корпорация өкілдері алдағы уақытта Петропавлға тағы да келіп, бүгінгі мәселелер жөніндегі жауаптары мен ұсыныстарын айтатынын және екіжақыт әріптестігі ұзағынан болатынына сенім білдірді.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
20:53, 7 тамыз 2020
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДАЛУДА
Толығырақ...
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ
17:15, 7 тамыз 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН...
Толығырақ...