ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БІРЛЕСКЕН ӨНДІРІСТІК ПАРК САЛЫНБАҚ

17:50, 22 ақпан 2019

Солтүстік Қазақстанда Қытайлық инвесторлардың қатысуымен бірлескен  өндірістік парк салынбақ. Ауылшаруашылық, машинажасау, химия, энергетика және тағы басқа салалар бойынша жұмыс істейтін кәсіпорындарда 20 мың жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Бүгін өңір басшысы Құмар Ақсақалов  Аспан асты елінің өкілдерімен  кездесіп, кезекті келіссөздерді жүргізді.

Солтүстік Қазақстан жерінде Қытай елімен бірлескен өндірістік Парк салу жөніндегі келіссөздер бір жылдан бері жүргізіліп келеді. Өңір басшысының айтуынша,  осы аралықта жоба аясында шығарылатын өнімнің сұранысы сарапталды.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Әлеуетті мүмкіндіктерді қарастыра келе Қытайлық инвесторлармен меморандумға қол қойылды. Делегация құрып, Ху-Вэй провинциясына барып келдік. Губернаторларымен әріптестік жөніндегі келісімге қол қойдық. Ондағы кәсіпорындарды аралап, экономикалық мүмкіндігін байқадық. Қытай мемлекеті де өз сараптауын жүргізіп, нәтижесінде Үкімет жобаны қаржыландыруды мақұлдады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестік  бірлесіп құрылған  Жібек жолы бағытындағы  экономикалық байланыс аясында дамып келеді. Нәтижесінде жобаны жүзеге асыруға 10 млрд доллар шамасында инвестиция құйылмақ.  7 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейтін индустриалды парк 67 шаршы шақырым аумақты алады. 

ЕРЖАН АРТЫҚБЕКОВ, QAZAQ ТРАНСИНВЕСТ БАҚЫЛАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «СҚО «СП «КАЗ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Бірлескен өндіріс паркінің негізгі бағыты машинажасау, екінші бағыты ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, атап айтқанда  ет, майлы және дәнді дақылдарды өңдеу, қант шығаратын зауыт салу. Оған қоса, энергетика, аэроғарыш, химия және тағы басқа салаларды қамтиды.

Жоба3-5 жылда жүзеге асырылмақ. Қытайлық делегация әріптестік аясында бірқатар мәселелрді талқылап, ортақ шешім қабылдау мақсатында келіп отыр.

СЮ ЛИ РЭН,  «АЗИЯНЫ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ІСКЕРЛІК КОМПАНИЯ» ҚБҰ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Қытайлық «бір белдеу мен бір бағыт» бағдарламасы мен сіздердің «Нұрлы жол» бағдарламаларының бірқатар тармақтары үйлесетіні байқадық.Осы екі құжаттың негізінде  ортақ  мәселелрді шешу мақсатында келіп отырмыз. Екіншіден машинажасау, электр энергия, биофармацея және тағы басқа бағыттағы әріптестікті талқылауымыз қажет. 

Бұл бірлескен жоба асындағы жүргізілген соңғы келіссөз емес. Шетелдік инвесторлар облыс әкімі Құмар Ақсақаловты сәуір айында Қытайда өтетін «Бір белдеу мен бір бағыт» форумына қатысуға  шақырды.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...