ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

«Қызыл-Жар СК» ойыншыларына құрмет көрсетілді

21:02, 3 қараша 2016

Солтүстікқазақстан облыстық «Қызыл-Жар СК» футбол клубы 2016 жылғы маусымды жағымды жаңалықпен аяқтады. Олар футболдан бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының қола жүлдегері атанды. Спортшыларды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Қызыл-Жар СК» футбол клубы  Бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл - соңғы 15 жылда бірінші рет қол жеткізген ауқымды жетістік. Біріншіліктен оралған жерлестерімізге құрмет көрсетіліп, оларды облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.

Спорттың оның ішінде футболдың дамуына үлес қосып, ел намысын қорғап жүрген аяқдопшыларды құттықтаған аймақ басшысы Ерік Сұлтанов оларға қола медальдар табыстады. Әрине, маусым қорытындысы бойынша үздік атанған ойыншылар да  назардан тыс қалмады. Тимурбек Закиров үздік қақпашы атанса, Әли Әлиев «маусымның үздік ойыншысы» атағына ие болды. Оның «Қызыл-Жар СК»  командасында ойын көрсетіп жүргеніне екі жыл.

Біздің өңірде футбол мен хоккейдің дамуына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Соңғы екі жылда 250-ден астам футбол және шағын футбол алаңдары бой көтерді. «Қарасай» стадионы күрделі жөндеуден өткізілуде. Биыл ашылған жастар футбол орталығында 140 бала жаттығады. Олар республикалық аренада бақтарын сынап та үлгерді. Спорттың дамуы үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға алғыс ретінде команда капитаны Евгений Аверченко аймақ басшысы Ерік Хамзаұлына қола медаль табыстады.

Өңір намысын қорғап, жоғары нәтиже көрсеткен футболшыларды облыстың құрметті азаматтары құттықтады. Қазақ күресінен спорт шебері, Ұлттық олимпиада комитетінің алтын орден кавалері Бауыржан Құлжанов аяқдопшыларды спорт ардагерлерінің атынан құттықтай келе, болашақта бұдан да биік белестерден көрінулерін тіледі.

«Қызыл-Жар СК» - жастарға үлгі боларлық команда. Қазірден бастап стадионға барып, футболшы болуды армандайтын оқушылар оларға еліктемей қоймайды. Ал, команда мүшелерінің мақсаты: ел намысын қорғап, жанкүйерлердің сенімін ақтау. Алар асулар мен жетістіктер көп. Ендігі міндет: ел чемпионатында алтын жүлдегер атану.

 

Фариза ЖАЗИТОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...