ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

МАМЛЮТ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:58, 22 қаңтар 2019

Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды. Аудандық депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берген кандидатты Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров аудан активіне таныстырды. Жаңа әкім кім және оның алдағы жоспары қандай, тілшіміз Самат Сапаралы сабақтайды.

Мамлют аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-ші сессиясында аудандық депутаттар аудан әкімінің кандидатурасын қарады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров ауданның жаңа басшысы лауазымына Руслан Аңбаевты ұсынып, депуттар оны бір ауыздан мақұлдады.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Руслан Әкімжанұлы 1978 жылы Тимирязев ауданы Целинное ауылында туған. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «экономист-менеджер» мамандығы бойынша аяқтап, еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетінің аға инспекторы ретінде бастады. 2002-2015 жылдар аралығында Есіл, Тайынша, Тимирязев аудандарында түрлі қызметтерді атқарды.

Одан соң Айдарбек Сапаров жаңа әкімді Мамлют ауданының активімен таныстырды. Руслан Аңбаев 2015 жылдан бастап аталмыш лауазымға дейін СҚО әкімі аппарат басшысының орынбасары болды. Сондай-ақ ол, алдағы уақытта да жүктелген міндетті абыроймен атқаратынындығын айтты.

РУСЛАН АҢБАЕВ, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ең алдымен маған сенім артқан облыс әкімі Құмар Іргебайұлына алғысым шексіз. Маған артылған жауапкершілікті сезінемін және барлық саланы дамыту үшін күш-жігерімді салып, Елбасы Н.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыруға, халықтың әл-ауқатын арттыруға уәде беремін.

Айта кету керек, Мамлют ауданының бұрынғы әкімі Жастілек Сыздықов кәсіпкерден 185 мың рубль пара алғаны үшін істі болған еді. Жақында сот оған 22 млн. теңге айыппұл төлеу жөнінде үкім шығарды.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...