ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

Машина жасаушылар күні

21:10, 26 қыркүйек 2016

Өткен сенбі күні, облыс әкімі Ерік Сұлтанов өңіріміздің машина жасаушыларын төл мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шара Петропавл ауыр машина жасау зауытында өтті. Оған себеп те бар. Биыл аталмыш кәсіпорынның ашылғанына 55 жыл толып отыр.

Әлем өнеркәсібінің негізі  машина жасау саласы болып табылады. Бүгін облыс әкімі Ерік Сұлтанов осы сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады. Қазіргі кезде біздің өңірде 3 ірі және 10 негізгі машина жасау зауыты бар болса, жалпы 40қа жуық кәсіпорын аталмыш кәсіппен тығыз байланыста екен. Зауыт қызметкерлерінің мейрамымен құттықтаған аймақ басшысы, машина жасаушыларды еліміздің құрметті еңбеккерлері деп атап өтті.

Өз төл мерекелерінде әрине, бірқатар жұмысшылар марапаттарға ие болды. Оның ішінде республикамыздың құрметті машина жасаушысы төс белгісін алған 4 азамат бар. Солардың бірі 1967 жылдан бері петропавл ауыр машина жасау зауытында еңбек етіп келе жатқан Александр Колесников.  Ол бар еңбек тәжірибемді бір кәсіпорында жинадым дейді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатын алғандардың қатарында Айбек Ахметов та бар. Ол елімізге танымал сампо Азия комбайындарын шығаратын Қазтехмаш ЖШС дәнекерлеуші-құрастырушы болып жұмыс істейді. Еңбек жолын қарапайым комбайыншы болып бастаған ол, енді солтүстік қазақстанның мақтанышына айналған техниканы құрастырушылардың бірі.

Машина жасау саласы биылғы жылы 15,7 млрд теңгенің өнімін шығарған. Ал, мереке өткен Петропавлдағы ауыр машина жасау зауыты АҚ  2016 жылы 3,3 млрд теңгенің тапсырысын орындаған. Сонымен қатар, аталмыш кәсіпорын  биыл 55 жылдығын атап өтуде. Осы жарты ғасырдан атам уақыт ішінде олар тек ішкі нарықты ғана емес, шет елдік машина жасау саласына да енген. Қазіргі таңда мұнда 5 өндірістік цехта, мыңнан аса адам еңбек етеді.

Мерекелік шара барысыда сондай-ақ, мерейлі зауыт өз ішінде өткізген байқауларыдң қорытындысын шығарды. Олар қырнаушылардың, электрмен және газбен дәнекерлеушілердің арасында кәсіби шеберлерді анықтау және 2 жұмысшыға үздік шебер  атағы берілді.

Қазіргі таңда, өңіріміздің машина  жасау саласы жақсы дамыған. Олар ресейлік және өзге де шет елдермен әріптестік қатынас орнатқан. Маңызды, әскери техника да, мұнай саласына қажетті бұрғылар да облыс кәсіпорындарының станоктарынан шығады.

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН  ҚАБЫЛДАДЫ
15:05, 20 мамыр 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
17:50, 15 мамыр 2019
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
21:19, 16 мамыр 2019
БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ЖАНЫНА ШЫРША КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Толығырақ...