ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

МЕКТЕПТЕР ЖӨНДЕЛЕДІ

15:15, 4 маусым 2019

Облыс мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Биыл білім нысандарын жөндеуге жылдағыдан 12 есе артық қаражат бөлінді. 5 млрд теңгеге 120 мектеп ғимараты жөнделмекші. Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды үнемі назарда ұстамақ. Құмар Ақсақалов Петропавлдағы жөндеуді қажет ететін мектептерде болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Былғары зауытындағы 12-ші орта мектептің ұжымы бірнеше жыл бойы қиындық көріп жүр. Көктем, күз айларында  ғимараттың төбесінен су сорғалайды. Бірақ қалалық білім бөлімі бұл мәселені кейінге қалдырып, бәрінен бұрын маңайды қоршауға кіріскен. Оған 10 млн теңге жұмсалған. Істің осылайша басталғаны облыс әкіміне ұнамады. Құмар Ақсақалов білім басқармасына жоспарды қайта қарауды тапсырды. 

Кейін Құмар Ақсақалов  қалалық 7-ші орта мектепке барды. 33 жылдық тарихы бар ғимараттың терезелері жаңаланып жатыр.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Құмар Ақсақалов пластикалық терезеледің сапасына күмән келтірді. Мердігердігерлер бұл өнімге бар болғаны 3 жыл кепілдік беріп отыр. 

7-ші мектепте барлығы 140 терезе алмастырылады. Бұл жұмыстар «Еңбек-қызылжар» кәсіпорнына сеніп тапсырылған. Бас мердігердің өзі төбе көрсетпеді. Кейін анықталғандай, директоры жауапты шаураның бәрін сенімді адамдарына тапсырып, өзі курортқа кетіп қалған екен.

Қ.Жырау атындағы 6-мектеп 1937 жылы тұрғызылған ғимарат әбден тозған екен. Мамандардың айтуынша, қабырғаларын бекіту керек. Едендері, терезелері шіріп кеткен. Құмар Ақсақалов құрылыс жұмыстарына тек қана сапалы материалдардарды пайдалануды тапсырды. 

«Еңбек-қызылжар» кәсіпорнының басшылығы осындай маусымдық жұмыстарға арзанқол жұмысшыларды жалдайды.

Мердігерлер еңбеккерлерге 150 мың теңге айлық төлейміз деп жалған сөйледі.

ХАКИМБЕК МУРАТАЕВ, «ЕҢБЕК-ҚЫЗЫЛЖАР» РМК СҚФ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ

«ДАРЫН» мектеп-лицейінде де атқарылған істер облыс әкімінің көңілінен шықпады. Мұнда терезе жақтаулары шіріген. Мектеп әкімшілігінің айтуынша, іштегі жылу төбедегі тесіктерден сыртқа кетеді екен. Жылу батареялары тозған. Толығымен жаңасына алмастыруды қажет етеді. Ал олар болса ескі батареяларға жылу реттегіш аспаптарды орнатып қойыпты.

Бір қуантарлық жағдай, «ДАРЫН» мектеп-лицейі электр қуатын үнемдеу бағытын оғң жолға қойыпты. Сәуір айында мынадай диодты жарық шамдары орнатылған.

Әлі күнге дейін облыс орталығында тоқ көзімен жылытылатын бір мектеп бар. Жыл сайын бұл мақсатқа 6 млн теңге жұмсалады. Құмар Ақсақалов үнемділікке қол жеткізу үшін газ немесе сабанды көбірек қолдану керек деді.  

Осы күні өңір жетекшісі облыстық дарынды балаларға мамандандырылған білім-инновация лицей-интернатына да соқты. Қазіргі таңда «ПЕТРО BILDING» ЖШС жұмысшылары 1956 жылғы ғимараттың қасбетін әрлеп жатыр. 

 «ПЕТРО BILDING» құрылыс нарығында 18 жыл жүр. Атқарған жұмыстарына және материалдарына 5 жылдан артық кепілдік береді екен.

Облыс әкімінің әлеуметтік желілерде жеке парақшасы бар. Жақында мектепті жөндеуге қатысты мұғалімдерден шағым түсіпті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мектептің жұмыстарына ата-аналардан, ұстаздардан ақша жинауға болмайды, бір тиын да алынбасын. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен жеткілікті деңгейде бөлінді. Қаражат жинауға тапсырма берген басшыларды  жауапкершілікке тартып, жұмыстан шығарамыз. 

Мектеп ғимараттарының жөндеу жұмыстарын Құмар Ақсақалов өзі де қадағаламақ. Жалпы биыл 5 млрд теңгеге 120 мектеп ғимараты жөнделмекші. Онда шамамен 35 мың бала оқиды екен. Бұл өңірдегі барлық оқушылардың тең жартысы.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...