ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

13:50, 11 сәуір 2019

Петропавл қаласы әкімінің экс орынбасары Евгений Глотов «Нұр Отан» партиясының СҚОФ төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Евгений Сергеевичті бұл лауазымға лайық деп шешті.  Салтанатты тағайындау шарасында өңір басшысы партия алдындағы міндеттерді айқындап, оларға артылған сенімнің жоғары екендігін білдірді.

Партияның жергілікті филиалын 2013 жылдан төрағаның орынбасары қызметін атқарған Артұр Молдағұловтың басқа қызметке ауысуына байланысты, «Нұр Отан» партиясының СҚО Филиалының төрағасы Құмар Ақсақалов орталық аппаратпен ақылдаса келе бұл лауазымға Евгений Глотов лайық деп шешті. Евгений Сергеевич 1987 жылы туған. Лев Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетін тәмамдаған. Лондонда «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып, құқық саласының магистрі атанды. Бүгінгі тағайындауға дейін ол Петропавл қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ

Құмар Ақсақалов Партия алдында үлкен әрі жауапты істер тұрғанын тағы бір мәрте еске салып, Елбасы партияның  18 съездінде жүктеген міндеттерді атап өтті.  Ол негізінен мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсету, көп балалы отбасыларды баспанамен қамту, аз жалақы алатындардың айлығын көтеру және тағы басқалары.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫ

- Облыста баспана кезегіне 342 көп балалы отбасы тұр. Осыны ескере отырып, биыл 93 отбасыға жәрдем береміз. Алдағы екі жылда бұл мәселені толығымен шешеміз. 1 маусымнан бастап бюджет саласының төмен жалақы алатын мамандарының айлығы 30 пайызға өсірілмек. Атқарушы орган мекемелерінің 2132 қызметкері  де жалақыны 25 пайызға көп  алатын болады. Негізінен бұл аудан тұрғындары. 

Денсаулық сақтау саласында да оң өзгерістер күтілуде. Бастапқы медициналық көмекке бөлінетін қаржыландыру мөлшері 40 пайыздан 60 пайызға арттады. Петропавлда 3  жаңа дәрігерлік амбулатория есігін айқара ашпақ. Олар Жас өркен, Береке және Ойқала шағын аудандарында орналасады. Құмар Ақсақалов осының барлығын халық игілігі үшін  ойдағыдай жүзеге асыруда  көп еңбектену керектігін ескертті.

ЕВГЕНИЙ ГЛОТОВ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Мемлекетіміз үшін өте маңызды саяси шаралар өткелі жатыр. Мен үшін Елбасы басқарып отырған партияда еңбек ету үлкен абырой. Өз қызметімді атқару барысында бар білімімді жұмсап, абыройлы еңбек етемін.

Салтанатты жиынға келген депутаттарғ жаңа төраға орынбасарына жемісті еңбек тілеп, жас әрі білікті маман өңіріміздің дамуына үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.   

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...