ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА БИЫЛ КАРТОП БАҒАСЫ АРЗАН Толығырақ

«Нұрлы жол» бағдарламасы жүзеге асырылуда

21:00, 12 қазан 2016

Петропавл қаласындағы кәріздік коллекторлардың бірнешеуі Нұрлы жол бағдарламасы аясында жаңалануда. Олардың жөнделуі барысын «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мүшелері, қалалық депутаттар бақылауда ұстап отыр. Осы жолы да жөндеу жұмысы жүріп жатқан екі коллекторға барды.

«Сан МИр Астана» серіктестігі Пушкин көшесіндегі кәріздік коллекторды жаңалап жатыр. Жоба құны 250 млн теңге шамасында. Жұмыстың басты ерекшелігі мұнда құбырларды ауыстыру үшін жерді қазып, ескісін алудың қажеті жоқ. Олар жаңа технологияны пайдалануда.

Дәл осындай әдіспен Зауыт көшесіне қарасты кәріздік коллектор да жаңаланып жатыр.Қазір мұнда құбырлар толықтай шайылып, тазаланған екен.Енді немістердің әдісімен жаңа құбыр құйылмақ.Бұл жерде  КазстройСервис-7 серіктестігі еңбектеніп жатыр. 

Мердігер компания осыған дейін өзге қалаларда жұмыс істегенімен, біздің жерге алғаш рет келіп отыр. Олар жұмыстарды қараша айында аяқтамақ. Негізінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құбырларды ауыстыру жұмыстары, еш ауытқусыз атқарылуда екен.

Нұрлы жол бойынша Петропавлда 6 жоба жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда барлығында жұмыстар жүргізілуде

 

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:53, 18 ақпан 2019
ТИМИРЯЗЕВ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ
17:52, 11 ақпан 2019
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
14:44, 15 ақпан 2019
«СОЛТҮСТІК ЖҰЛДЫЗДАРЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Толығырақ...
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
18:33, 15 ақпан 2019
ИНТЕРНАЦИОНАЛ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...