ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ 2018 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

17:55, 24 желтоқсан 2018

Келер жылы ауылды жерлерде 600 үй салынады. Бұл білікті мамандардың көшіп кетпеуіне себеп болады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аудан әкімдері мен басқарма басшыларының қатысуымен жиын өткізіп, жылды қорытындылады. Аймақ басшысы 2018 жылда атқарылған істерге тоқталып, 2019 жылға қойылған жоспарлармен таныстырды. Тілшіміз Самат Сапаралы сабақтайды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов конференц залға жиналған аудан әкімдері мен департамент, басқарма басшыларының алдында 2018 жылды қорытындылады. Аймақ басшысының сөзінше Солтүтсік Қазақстанда ауыл шаруашылығы 2,1, құрылыс саласы 3,7 және еңбекақы көлемі 6,8 пайызға өскен. Сонымен қатар, өңірде экспорт 19,5, пайызға артса, импорт 10 пайызға төмендеп отыр. 2018 жылы агроөнеркәсіп кешеніне 522 млрд. теңге инвестиция тарылды және бұл былтырғыдан 70 млрд.қа артық, яғни республика бойынша игерілген инвестицияның 25 пайызы СҚО-на тиесілі.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық салаларда оң өсім байқалады. Жаңа өндіріс орындары ашылды, жалпы 25 мыңнан аса жұмысқа азаматтар тартылды, 12 мыңнан аса тұрақты жұмыс ашылды. Құрылыс қарқыны жақсы болды, инвестиция біраз тартылды. 2018 жылы облысты бір қатар ірі шаралар өткізілді. Қалада, ауданда абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 2018 жыл облыс үшін жақсы нәтижелермен аяқталуы тиіс, бірақ 2019 жылы одан да ірі көп жұмыстар атқарылуы керек.

Ауылшаруашылығы дамыған өңірде биыл 4000 бас малға арналған бордақылау алаңы салынды. Келер жылы «Мәмбетов және К» КС, «Қызылжар сүті» серіктестігі мен «Шәймерденов» шару қожалығы 1400 бас сиырға сүт кешенін ашпақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл 220 басқа арналған 4 сүт кешені іске қосылды. Инвестиция көлемі 3,3 млрд. теңге. 2019 жылы тағы да 3 кешенді ашуды жоспарлап отырмыз. Етті бағыттағы құс фабрикасы салынуда, келесі жылы тағы да 4 бордақылау алаңы жұмысын бастайды. Мұндай кәсіпорындар әрбір ауданда ашылуы керек. Әрбір ауданда экологиялық таза өнім шығаратын нысан салынуы тиіс.

Құмар Іргебайұлының сөзінше Солтүстік Қазақстанда жылдық табысы 1 млрд. теңгеден асатын 100 ірі кәсіпорын бар. Алайда олардың бірқатары табыстары артқанына қарамастан, оны үкіметтен жасырып, салық төлемін азайтып жатыр. 2019 жылы мұндай екіжүзді кәсіпкерлермен күрес күшейеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз ірі құрылыс компаниясына тексеру жүргізгенімізде жұмысшыларымен арадағы келісім-шарттың жоқтығы анықталды. Құжат бойынша оларға ең төменгі айлық ақы көрсетіп, қалғанын конвертпен беріп отырған. Тағы бір кәсіпорын жылдық табысын 2 есеге өсіріп, мемлекетке салықты 180 млн. теңге аз төлеген. Енді бірі таза пайдасы 375 паайызға артса да, жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға ғана өсірген. Сондықтан біздің облыс салық жинаудан, еңбекақыдан артта келеді. Енді мұндай көлеңкелі экономика деген болмайды.

2019 жылы ауылды жерлерде 600 үй салынады. Бұл білікті мамандардың көшіп кетпеуіне сеп болады. Өз ауылында мамандар үшін үй салған кәсіпкерлерге де мемлекет тарапынан көмек болады, мектеп пен жол жөнделеді. Сонымен қатар облыс әкімі соңғы мемлекеттік қызметкерлерге түсетін, арыз-талаптарға да тоқталды. 2018 жылы 9740 арыз түссе, оның жартысы ауыл шаруашылығына қатысты, 2478-і тұрғын-үй, баспана жайында.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті мен әрекетсіздігіне арызданғандар саны 19 пайызға көбейді. Қайта шағымдану фактісі де 16 пайызға өсіп отыр. Бұл ретте Тайынша, Жамбыл, Аққайың аудандарының қызметкерлеріне халық сенімсіздік танытатынын байқауға болады. Халық өтініш жасағанда оның мәселесі міндетті түрде қаралуы керек. Жер даулары да көбеюде, субарендамен істейтіндер бар. Ондайды тоқтату керек, жерді алды ма өзі істесін, оны басқа біреуге жалға берудің қажеті жоқ. Істегісі келмейді ма, тартып алыңыз.

Елбасы өз Жолдауында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту қажеттігін айтты. Осыған орай 2019 жылы бұл бағытта бөлінетін қаржы 2,8 есеге ұлғаяды, өнім түрі 20 пайызға өседі, сонымен қатар жұмыс орындары да 28 пайызға артпақ. Елбасы тапсырмасымен ең төменгі жалақы 1,5 есеге көтеріледі.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...