ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫН ҚАБЫЛДАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

20:44, 6 маусым 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов іс сапармен Айыртау ауданында болды. Өңір жетекшісі аудан активімен және жергілікті тұрғындарымен кездесті. Жиналыста ауыл шаураушылығы мен еңбеккерлердің жалақысы жөнінде сөз қозғалды. 

«Жаркын СК» ЖШС 2003 жылдан жұмыс істейді. Кәсіпкер мал шаруашылығымен қатар егіншілікті қатар алып  жүр. Биыл серіктестік 42 мың гектарға дән еккен екен. Аграрий өткен жылы мемлекеттен субсидия түрінде 45 млн теңге қаржылай қолдау алған. 

БЕЙБІТ МОЛДАШЕВ, «ЖАРҚЫН СК» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Серіктестік қарамағында қоймалары мен астықты кептіру құрылғылары бар. Қойманың  жалпы сыйымдылығы 35 мың тонна. Машина –трактор паркі жаңартылған. Бүгінде 8 кешен, 15 заманауи комбайным бар. 

Өткен жылы серіктестік әдеттегіден 2 есе кем өнім алыпты. Гектарынан 13 центнер шыққан. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Есеп бергенде бәрі жақсы деп айтасыңдар. Алайда, алқаптарыңа қарап жұмыстың жақсы атқарылып жатқанын көріп тұрған жоқпын. Мемлекет сіздерге жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр. Тұрғындар да сіздерге жерлерін сеніп тапсырып отыр. Соған сәйкес, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жоғары болуы тиіс.

«Жаркын СК» компаниясының еңбеккерлері 6 айдан артық жалақы ала алмай жүр. Тиісінше, зейнетақы аударымдары да жасалмайды. Серіктестіктің жиынтық қарызы 6 млн теңгеден асып кеткен. Құмар Ақсақалов жауапкершілігі төмен компанияларды жабу жөнінде тапсырма берді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Жұмысын жөнді атқармайтын серіктестіктердің қатарын бірте-бірте азайту керек. Бұл мемлекеттің талабы. Кәсіпті дөңгелету қолдарыңнан келмеді ме кетіңдер. 

Жиын барысында білім саласындағы мәселе қозғалды. Жыл өткен сайын Айыртау ауданына қарасты Светлое селосында мектеп оқушыларының  саны азайып  барады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өткен жылы бұл мектепте 45 бала, биыл 37 білім алған. Келесі оқы жылында оқушылар саны 30 болмақ. 

Құмар Ақсақалов Айыртау ауданына кезекті сапарын жылдың соңына жоспарлап отыр. Соған дейін аудан басшылығы түйткілді мәселелердің оң шешемін табуы тиіс.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
17:57, 6 желтоқсан 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...