ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

20:40, 17 маусым 2019

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып Құмар Ақсақалов қайта тағайындалды. Облыстық маслихаттың кезектен тыс 33-ші сессиясының жұмысына  Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Олжас Ыдырысов қатысып, облыс әкімінің лауазымына Құмар Іргебайұлы Ақсақаловты ұсынды. Халық қалаулары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 33-ші сессияның күн тәртібіне алдымен облыс әкімін қайта тағайындау мәселесі шығарылды. Өңір депутаттарына  ұсыныс беру үшін ҚР Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Олжас Ыдырысов келді. 

ОЛЖАС ЫДЫРЫСОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ

Депутаттар Құмар Ақсақаловты өңір жетекшісі лауазымына қайта тағайындауға дауыс беріп, бұл ұсынысты  100 пайыз қолдады.

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов 1965 жылы дүниеге келген.  Горячкин атындағы Мәскеу  ауыл шаруашығы  өндірісінің   инженерлі  институтын тәмамдаған.Экономика ғылымдарының кандидаты. Мемлекеттік басқару саласында тәжірибесі мол маман Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып  2017 жылдың наурызынан бері қызмет етіп келеді.   Құмар Ақсақалов артқан  сенім үшін алғыс айтып жұмыс жоспарларымен бөлісті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өңір басшысы алдағы уақытта да ауылшаруашылық саласын дамытуды жалғастыратынын айтты. Егінді жерлерді диверсификациялау қарқын алады.  Биыл майлы дақылдарға 1 млн гектар жер бөлінген. Оған қоса аграрийлер сояны 20 мың гектарда өсіре бастады. Келесі жылы бұл дақыл 150 -200 гектарда егілмек. Қайта өңдеу саласының көрсеткіштерін көтеру де   қайта тағайындалған әкімнің басты міндеттерінің  бірі. Өңірде шығарылатын ет, сүт, бидай және тағы басқасы қайта өңделіп, дайын өнім болып сатылуы тиіс - деді Құмар Ақсақалов. Жиын барысында өнеркәсіп, құрылыс, білім беру мен денсаулық саласындағы оң өзгерістер де айтылды. Тұрғындарды сумен  қамту мәселесін шешу мақсатында ауқымды шаралар жоспарланған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ,  СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Биыл ауыз сумен қамтуға бөлінетің қаражаттың мөлшері 40 пайызға артты. 9,1 млр теңге. 32 ауылға су тартылады.  41 елдімекеннің су беру жүйесі жетілдіріледі. Сонация әдісі бойынша ауыл көшелерінің бойына су құбырлары тартылады. Өңірде болашағы бар елдімекендердің саны 300 екендігін ескере отырып, бұл жұмысты әуелі осы жерлерде өткіземіз.

Оған қоса, өңір басшысы жөнделіп жатқан жолдардың сапасы қатаң бақыланатынын ескертті.Мердігер компаниялар  төселген асфальтқа кепілдікті  1-2 жылға емес, 4-5 жылға берулері тиіс екендігін баса айтты. Табыс тауып отырған жекеменшік компаниялардың жалдамалы жұмысшыларына лайықты еңбекақы төлеуін  бақылауға алуға уәде етті.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...