ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

21:00, 21 ақпан 2019

«Петропавл ауыр машина жасау және «Киров зауыты» дамудың жаңа сатысына шығуда. Алдағы уақытта  кәсіпорындарелімізде баламасы жоқ өнімдердің жаңа түрлерін өндіре бастамақ. Тұрмыстық техникаға арналған құрылғы, ақпараттық қауіпсіздік қондырғылары жасалады. Сондай-ақ, Айыртау ауданында ірі қалайы кен орны ашылады. Бұл жаңалықтарды облыс әкімі Құмар Ақсақалов тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде жеткізді. Жиналыс барысында өткен жылда атқарылған жұмыстар да сараланды.        

Облысымыздың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оң серпін көрсетті. Экономиканың барлық саласында өсім қарқыны сақталған. Өткен жылы қысқамерзімдік экономикалық индикатор 104,4 пайызды құрады, бұл – еліміздегі тоғызыншы көрсеткіш. 2018 жылы ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 2 пайызға, өнеркәсіп өндірісі 2,2 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 13, негізгі капиталға инвестиция тарту көлемі 8, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 9 пайызға өсті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Ауыл шаруашылығында өнімдерінің көлемі 2 пайызға өсті. Әсіресе, майлы дақылдардың жалпы түсімі 941 мың тонна болды. Бұл былтырғы жиын-терімге қарағанда 245,7 мың тоннаға көп. Жалпы өнімнің өсімі 17 млрд. теңгеге жетті. Басым бөлігі экспортқа шығарылды. Сондай-ақ, дайын азық-түлік тауарларын, машиналар мен қондырғыларды сату нәтижесінде экспорт 1,1 есе өсті.

Былтыр 2,7 млрд. теңгеге 2200 сиырға арналған және цифрландыру элементтері енгізілген төрт сүт кешені пайдалануға берілді. “Тайынша-Астық” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде үш мың қара малды бордақылайтын алаң құрылды. Тайынша ауданындашошқа кешенінің жұмысы қайтадан жанданды.«BioOperations» зауытында крахмал мен кілегей цехі іске қосылды. Желтоқсанда биоэтанол шығаратын цех жұмысын бастайды. Өңірде металл-пластик шығаратын «Радуга» ЖШС ашылды. Ол - қайталама полимер өңдейтін еліміздегі бірегей зауыт.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Өнімдерін Қытайға шығаруды көздейтін “Тайынша ет комбинаты” кәсіпорны жұмысын қайта жаңғыртты. Былтыр оған 700 млн. теңге инвестиция тартылса, биыл ол көрсеткіш 1,3 млрд. теңгеге жеткізілмек.Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндер қатары 0,4 пайызға артып, 11,8 мың адамға жетті. Олардың орташа айлық еңбекақысы 9,1 пайызға өсіп, 111 мың теңге болды.

Осы тұста аймақ басышысы жоспарларымен де бөлісті. Мамыр айында Айыртау ауданында ірі қалайы кен орны ашылады.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Көп жылдар бойы Қазақстандағы жалғыз, Орталық Азиядағы ірі қалайы кен орындарының бірі – Сырымбет зерттелді. Биыл мамыр айында ашуды жоспарлап отырмыз. Биыл инвестиция көлемі 4 млрд теңгені құрамақ. Жоба 2021 жылдан бастап толық күшінде жұмыс істейді, жалпы инвестиция көлемі 100 млрдтеңгеге жетпек. Біздің өңір үшін бұл үлкен жетістік.

Облыстағы басты кәсіпорындар - «ПАМЖ» және «Киров зауыты» дамудың жаңа сатысына шығуда. Зауыттарды жаңғыртуға 6,7 млрдтеңге бөлінді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Елбасы қолдауының арқасында соңғы 10 жылда зауыттарды жаңғырту жұмыстары басталды. Осының арқасында кәсіпорындар елде шығарылмайтын өнімдерді өндіре бастамақ. Тұрмыстық техникаға арналған құрылғы, ақпараттық қауіпсіздік қондырғылары жасалады. Зауыттардың тоқтаусыз жұмыс істеуі алдағы 3 жылда өнім көлемін 40 %  өсіруге мүмкіндік бермек.

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен қоспажем өндіретінжәне ағаш пен бидай өңдейтін кәсіпорынды салу жоспарда бар. Бұрынғы Калинин атындағы зауыт негізінде заманауи Дата-орталық салу көзделген, инвестиция көлемі - 27,5 млрд теңге. Қазір өңірде 7 ірі инвестициялық жоба әзірленуде. Нәтижесінде бұл кәсіпорындар екі жылдың ішінде өңір экономикасына 80 млрд теңге инвестиция әкеліп, 1500 адам жұмыспен қамтылмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешу үшін Елбасының тапсырмасымен осызаманғы көпсалалы аурухана саламыз, оның құрамына облыстың 6 стационары енгізілмек. Бұл ауруханаға жатқызу, емдеу мерзімін қысқартып, көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттырады. Жаңа аурухананың жанынан медицина қызметкерлеріне арналған 200 пәтерлі үй салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 4 млрд. теңгеге медициналық техника сатып алу жоспарда бар. Бұл өткен жылдардағымен салыстырғанда 3 есе көп. Жаңа магнитті-резонанстық томограф, 2 ангиограф, 3 рентген кешені және басқа да құрал-жабдықтар өңіріміздегі медициналық қызмет сапасын арттырып, уақтылы және нақты диагностиканы қамтамасыз етпек.

СҚО-да мектептерді жөндеуге қаржы көлемі 12 есеге ұлғаймақ. Биыл 120 мектепті қалыпқа келтіруге 5 млрд.теңге бөлінді. Үстіміздегі жылы Петропавлда апаттық жағдайдағы 4 үй сырылып, олардың орнына 93 пәтерлі екі көпқабатты баспана салынбақ.

Есептік кездесуде Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандықтардың  сауалдарына жауап берді. Көбінесе жол, ауыз су, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Әкім өтініштердің ретімен шешілетіндігін айтты. Кездесуден кейін өңір басшысы тұрғындарды жеке бас мәселесі бойынша қабылдады.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...