ШҰҒЫЛ! 2019 ЖЫЛДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ШЫҒАРЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

17:52, 9 қаңтар 2019

Жаңа оқу жылында Петропавлда 1500 оқушыға шақталған екі мектеп қолданысқа беріледі. Және тағы бір білім ордасының құрылысы басталады. Сондай-ақ, «Жас Өркен» ықшам ауданында 500 көрерменге арналған жаңа театрдың есігі айқара ашылып, халықаралық дәрежедегі шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов мәлімдеді. Облыс орталығында салынып жатқан бірқатар нысандарды аралаған өңір басшысы құрылысқа жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін қолдану қажеттігін айтты, бұл әрі сапалы,  әрі, өзгесіне қарағанда арзан болмақ.

Аймақ басшысы алғаш болып, «Жас Өркен» ықшам ауданындағы 500 орындық жаңа қазақ театрының құрылыс барысымен танысты. Қазан айында басталған жұмыс екі ауысыммен жүргізіледі. Қазір металл құрастырылымдары, темір қаңқалары тұрғызылып, жақын күндері бетон құйылады. Құрылыс барысындағы мамандардың бәрі дерлік солтүстікқазақстандықтар. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Уақыт тығыз, бірақ тез аяқтаймыз деп сапаны ұмытпау керек. Құрылыс қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс, қаржыландыру жағынан мәселе жоқ, ақша беріліп жатыр. Мұнда тек жергілікті тұрғындар жұмыс істеуі тиіс, жұмыспен қамтыңыздар. Жаңа театрда республикалық, халықаралық шараларды өткіземіз. Сондықтан бәрі сапалы болу керек,  Құрылыс басқармасы жағдайды қатаң бақылап отырыңыздар.

Облыс әкімі Құмар Іргебайұлы құрылысқа жұмсалатын материалдардың басым бөлігін жергілікті тауарөндірушілерден алуға шақырды. Өйткені өзге қаладан тасығанша, өз жеріміздегісін қолданған әлдеқайда сенімді, әрі арзан болмақ. Аймақ басшысы осы аудандағы 900 орынға шақталған жалпы білім беретін орта мектептің құрылысымен де жақынырақ танысты.

СҰЛТАНБЕК ГАЗДИЕВ, «СЕВИМСТАЛЬКОН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Нысан үш блоктан тұрады, В блогын көтердік, А жене Б блоктарын 50 пайызын аяқтадық. Қыс мезгілі аяқталғанша ғимараттарды толықтай тұрғызып, жазда ішкі әрлеу жұмыстарын, абаттандыру жұмыстарын аяқтаймыз. Жоспар бойынша қараша айына дейін аяқтауымыз керек, бірақ біз 1 тамызда қолданысқа береміз деп отырмыз.

Петропавл қаласында соңғы 10 жылдың көлемінде ешқандай да мектеп салынбаған, оқушылар саны жыл санап артып жатыр, сәйкесінше білім ордаларында орын жеткіліксіз. Сондықтан да биыл облыс орталығының өзінде 2 мектеп салынуда.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- 2017 жылы 7600 бала 1 сыныпқа барса, 2018 жылы қыркүйек айында 9000 оқушы жаңадан мектеп табалдырығын аттаған. Бір жыл ішінде балалар саны бойынша 1400-ге өсім байқалады. Сондықтан биыл да көбірек болуы мүмкін. Сондықтан да биыл екі жаңа мектепті қолданысқа береміз және осы жылы Уәлиханов көшесінің бойында үшінші мектептің құрылысын бастаймыз.

Ал екінші, 600 оқушыға арналған мектеп «Береке» ықшам ауданында салынуда. Жалпы білім беру мекемесінің құрылысы былтыр басталып, биылғы жаңа оқу жылына дейін тапсырылуы тиіс. 2 гектар аумақта ғимарат жанынан түрлі спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін алаң да салынады.

ДМИТРИЙ ЖЕНЧЕНКО, «ЗЕРТТЕУ СК» ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Мұнда ең соңғы үлгідегі құрылғылар мен жиһаздар орнатылады. Ғимарат үш блоктан тұрады, іші кең, әрі жарық. Ішінде спорт зал, асхана, холл, акт залы. Екі блок толықтай салынып, қазір үшіншісін көтеріп жатырмыз. Жоба құны құжат бойынша 1 млрд. 650 млн. теңге.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Біз құрылысқа жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерін қолдануымыз керек. Биыл құрылыс қарқыны артады өңірде. Тек былтырдың өзінде құрылысқа 80 млрд. теңгедей қаржы жұмсадық, сондықтан да бұл ақша өзіміздің жерде қалуы тиіс. Жобаны қолға алған бизнес өкілдеріне қаржыландыру да дер кезінде жүргізіледі.

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінде 200 отбасынан өтініш келіп түссе, жыл соңына дейін олардың саны бес жүзге дейін жетеді деп жоспарлануда. Аталмыш бағдарлама бойынша  Жуков көшесінің бойындағы 79 пәтерлі көпқабатты үй салынуда.

ДМИТРИЙ ФОМИЧЕНКО, «АЛЬФА-СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Линолеум мен сантехникалық жұмыстар қалды. 25-ші қаңтарға дейін барлық жұмыстарды аяқтап, қолданысқа береміз. Соңғы 3-4 күнде болашақ пәтер иелері келіп, баспаналарын қарап, көріп кетуде.

Облыс әкімінің сөзінще мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің баспаналы болуы үшін алғашқы жарнаның 50 пайызын қазынадан төлей алады. Яғни биыл 200 отбасы үй алу үшін алғашқы төлемнің 10 пайызын жинаса, тағы он пайызын мемлекет құяды. Бұл мақсатқа 200 млн. теңге бөлінген.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бұл үй Елбасының «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғызылды. Бұдан бөлек «Береке» және «Жас Өркен» ықшам аудандларында, үш жерде салынып жатыр. Тұрғындардың қызығушылығы жоғары, қазір 200-ге жуық адам осы баспаналарға құжаттарын даярлауда.

Айта кету керек, биыл М.Жұмабаев көшесінің бойындағы бірнеше жер үйлер сүріліп, көпсалалы облыстық аурухана құрылысы мен дәрігерлер үйін салу жоспары тұр. Әзірге нысанның жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Самат САПАРАЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
13:06, 14 қаңтар 2020
«ҚЫЗЫЛ-ЖАР СҚ» ФК БИЫЛ 920 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
17:55, 15 қаңтар 2020
ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...