ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

Облыс әкімі Қытай елінің делегациясымен кездесті

21:15, 28 қыркүйек 2016

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов Қытай Халық Республикасының делегациясын қабылдап, өзара ынтымақсатық жайында сөз қозғады. Облысымызға аспан асты елінің Ляочэн провинциясы мэрінің орынбасары Шандунь Чен Пинг мырза бастаған бір топ делегация келді. Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы бірқатар біріккен жобалар талқыланды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов қонақтарға алдымен облысымыздың әлеуметтік экономикалық дамуы жайында айтып берді. Оның барысында қытайлықтар үшін тиімді тұстарына баса назар аударылды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы секторына катысты бірқатар тиімді жобаларды жүзеге асыруға болады деді  өңір басшысы.  Биыл қызылжарлық диқандар рекордық көлемде, яғни 5 млн 600 мың тонна астық жинады. Әкімнің  айтуынша, өңірде қытайлықтармен бірлескен бірнеше ірі жоба бүгінгі күні -ақ  жүзеге асырылып жатыр.   

Сондай-ақ, қытайлықтар өңірде қант зауытының құрылысын да қолға алыпты. Майлы дақылдарды,  бидайды және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар салу да жоспарда бар. Ерік Сұлтанов шет елдік  инвесторлар үшін мемлекет тарапынан  барлық жағдай  жасалатындығын жасырмады. Сондай- ақ машина жасау саласында да біріккен жобалар жүзеге асырылмақ. Облыстың Ресеймен шекаралас жатуы да қытайлықтар үшін жаңа  мүмкініктер ашары сөзсіз. 

Қытайдың Шандунь провинциясының өкілдері Қызылжар өңірімен бірлесіп, жұмыс істеудің тиімді тұстары көп екен деп отыр. Қазақстанда өндірілген тауарды қытайда сатуда да еш мәселе туындамайды деді Ляочен провинциясы  мэрінің орынбасары Чен Пинг мырза. 

Айта кетерлігі, қытайдың осы провинциясының бір кәсіпкері жуық арада  облысымызда логистикалық   орталық  ашуды көздеп отыр. Оған әкімдік тарапынан қолдан келген көмек жасалып жатыр екен. Аспан асты елінің өкілдері  облысымыздың мүмкіндіктерін саралап, көптеген жобалардың ауыл шаруашылығы бағытына қатысты болатындығын жасырмады.   

Жуық арада біріккен жобалардың бүге шігесін пысықтау үшін аспан асты еліне біздің облыстан арнайы делегация баруы мүмкін. Бүгінгі кездесудің соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.

Аня КУЛИКОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...