ШҰҒЫЛ! ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАТАҢДАТЫЛДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТІЛШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

17:50, 26 желтоқсан 2018

2018 жыл өңіріміз үшін табысты болды ма? Қандай жаңалықтарымен, өзгерістерімен халықтың есінде қалды. Облыстағы төртінші билік өкілдерімен бей ресми түрде кездескен өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов жылды қорытындылады. Сонымен қатар болашақ жоспарлармен де бөлісті.  Алдағы жылға жоспар биылғыдан да ауқымды. Медицина, білім мен мәдениет денсаулық сақтау салаларына баса назар аударылып, ауылдарды дамытуға мол қаражат жұмсалмақ.

Осы жолғы жиында тек тілшілер ғана болды. Бей ресми түрде төртінші билік өкілдерімен кездесу ұйымдастырған облыс әкімі алдымен өткен жылды саралап шықты. Халықтың есте қалғаны әрі тарихи оқиғалардың қатарына жататыны ол күзде 15ші өңіраралық ынтымақстастық форумның дәл Петропавлда ұйымдастырулы. Қазақстан мен Ресей  Президенттері облыс орталығында жаңа салынған оқушылар сарайында үлкен жиында кездесіп, бірталай меморандумдар қабылданды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылшаруашылығында да жағымды жаңалықтар жетерлік. Өңір диқандары биыл да 5 млн тоннадан артық астықты қамбаға құйды. Ал Айыртаулық  шаруа Сейілбек Махметов өз алқабының бірінен рекордтық өнім - әр гектардан 62 центнерден бидай алды. Алдағы жылы да ауылшаруашлығын дамытуға жалпы ауылды жерлердің әлеуетін көтеру үшін ауқымды жоспар құрылған. Ол үшін болашағынан үміт күттіретін елді-мекедер анықталып соларға қаржы құйылмақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Мәселен Қызылжар ауданындағы Якорь ауылының мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін 59,2 млн теңге бөлінеді. 60 млн теңгеге 12 жаңа үй тұрғызылады.  Якорь-Вишневка арасындағы жол жөнделіп, 15 отбасыға қосымша қаржылай қолдау көрсетіледі.  Ол дегеніміз мал, ара, және өсімдік шаруашылығын дамытуға арналған 15 млн теңгенің шағын несиесі.

Осындай ауыллдардың қатарында Ғ.Мүсірепов ауданындағы Ақселеу, Аққайың ауданындағы Рублевка, М.Жұмабаев ауданындағы ворзвышенка ауылдары да бар.  Сонымен қатар 2019 жылы Петропавл қаласы  бұдан әрі абаттандырыла түседі. Үш бірдей мектеп тұрғызылады.  Ол Жас өркен, Береке аудандарында және М.Жұмабаев көшесінде бой түземек. Колледждер мен СҚМУнің студенттері үшін жатақхана салынады. 500 көрерменге арналған қазақ театры келер жылдың тамыз айында іске қосылады. Онда 2019 жылы тәуелсіздік күні тойланып, Димаш Құдайберген жеке концертін береді деп жоспарланған.  Облыс орталығында көпсалалы аурухана да халық игілігіне тапсырылады. Ол толықтай жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілмек. Айтар болсақ, ангиограф, ретнгендік кешен, МРТ жасайтын құрал алынады. Сондай-ақ, Құмар Іргебайұлы өзге ауруханаларда бос орындар болса оңалту орталықтарын ашу жоспарда бар екенін тілшілерге айтты. Жалпы медицналық жабдықтарға 4 млрд теңге бөлініп отыр. Өңір басшысы туризм саласына қатысты пікірін де  ортаға салды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кәрім Сүтішев пен Жұмабаев көшелерінң қиылысында құрылысы бірнеше жыл тұралап, биыл ғана жандана бастаған нысан келер жылы мамыр айында Достық молл сауда үйі болып іске қосылады. Жалпы облыс әкім құрылыстың қай түрі болмасын сапалы әрі халыққа қолжетімді болуы керек деп отыр. Әсіресе баспаналар тиімді бағамен сатылу керек. Сондай-ақ , Құмар Ақсақалов ПЗТМ мен Киров атындағы зауыттардың болашағы зор екенін және оларға сенім артатындығын айтты.  Бей ресми кездесу барысындла тілшілер өңір жетекшіісне сұрақтарын да жолдап, тілектерін де білдірді.

ЕРЛАН ТОҚШАЛЫҚ, «QYZYLJAR» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

2018 жыл облыс үшін табысты болғаны сөзсіз.  Жаңа жобалар  қолға алынып, біразы халық игілігіне тапсырылды. Енді келер жылдан күтер үміт мол, ол үшін осы бастан жоспар құру қажет.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕТРОПАВЛДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
17:28, 2 сәуір 2020
ПЕТРОПАВЛДЫ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...