ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

21:03, 21 ақпан 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов халық алдында есеп бергеннен соң, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Өңір басшысына келгендердің саны 40-тан асты. Олардың сауалдарын тыңдаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен жергілікті билік өкілдері шешім табуға уәде берді.  Кездесуде қандай мәселелер көтерілді, әріптесім жалғастырады.

Құмар Ақсақаловтың қабылдауына бірінші болып екінші топтағы мүгедек Рахима Қазбекова  кірді. 67 жастағы зейнеткер бүгінгі таңда үй жалдап тұруға мәжбүр. Жұбайы екеуінің зейнетақысы дәрі-дәрмек пен тұрғын үйге төлеуге кетеді дейді.  Кезекте тұрғанына 10 жыл болған.

РАХИМА ҚАЗБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Үй жалдап тұрамын, бесінші этаждан түсу қиын, алған пенсиямыз дәрі-дәрмек пен коммуналкаға кетеді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Бүгін шешіліп қалады деп мен айта алмаймын. Оны түсінесіз ғой. Баспана мәселесі көбін алаңдыратын басты мәселе. Жыл сайын салып жатқан үйлеріміз аз емес. Сіз маған келіп, сұрақтарды қойып, облыс әкімі шешіп берді деп, мен оған заңым жоқ ондай.  Қала әкімінің айтқанындай, механизмін қолданып, жиличный комитеттің отырысында сіздің мәселеңізді қарап, уақытша тұратын кезек келгенше бір баспананы беруге шешуге болатын шығар. Бірақ, оны да сәл күтіңіздер.

Марина Никулина Петропавл қаласы Тоқсан би мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғыны. Маринаның, сөзінше үй апатты жағдайда екен. Сонымен қатар, Марина Никулина көпбалалы ана.  Алты баласы болғанымен, құжат бойынша «көпбалалы ана» атана алмай отыр. Сәйкесінше, бұған дейін жәрдемақы алып көрмеген

МАРИНА НИКУЛИНА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Мекемелердің табалдырығын тоздырып келгеніме бірнеше жыл  болған. Тиісті құжаттардың жоқтығынан, көпбалалы ана ретінде жәрдемақыға қолым жетпей отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СҚО ӘКІМІ:

- Мәселеңізді түсіндім. Бүгінгі халық алдындағы есептік кездесуінде айтқанымдай, СҚО көпбалалы аналарға әлеуметтік көмек көлемі 2 есеге өседі. Сондықтан, әуелі, тиісті құжаттар жинауыңыз қажет. «алқа» иегері атанған соң, көпбалалы ана ретінде баспаналы болуға көмек көрсетіміз. 

Жалпы Солтүстік Қазақстанда 6 мыңнан аса көп балалы ана 1,2 млрд теңге көлемінде ай сайын мемлекеттік көмекке ие. Көпбалаы отбасыдан шыққан 3 613 оқушы тегін тамақпен қамтылған. Өңір басшысы есептік кездесуде «Әлеуметтік қолдау аясында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр-ана» атанған аналарға біржолғы әлеуметтік көмек екі есеге өсетінін айтты. Өңір басшысымен жеке кездесуге барлығы 40-тан астам облыс тұрғыны жиналды. Барлық шағымдар мен өтінінштердің шешімін Құмар Ақсақалов өз бақылауында ұстайтын болады.

Жанбота СЕНТАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...