ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ҚАБЫЛДАДЫ

15:05, 20 мамыр 2019

Өткен демалыс күндері Петропавлда облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың қоғамдық қабылдауы өтті. Н.Погодин атындағы орыс драма театры ғимаратында ұйымдастырылған шарада азаматтар  жеке басына қатысты және өңірге ортақ әлеуметтік мәселелермен бөлісті. Қоғамдық қабылдауға келушілерді мұқият тыңдаған Құмар Іргебайұлы олардың бұйымтайлары елеусіз қалмайтынын және барлық мәселелер тиісті шешімін табатынын жеткізді.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің қатарында Әлия Сәрсенова мен Гүлмира Есентемірова бар. Айтуларынша Қизатов  көшесіндегі 74 – ші және 94 – ші үй ауласы көктем келісімен суға толады екен. Өйткені аулада  суағар жоқ, оған қоса су сорғыш насостар бірде істесе бірде істемейтін көрінеді.

ӘЛИЯ СӘРСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Уақыт өткен сайын судың деңгейі көтеріліп жатыр. Биыл ауламызды су басып, жүріп тұру мүмкін болмай қалды. Тиісті мекемелеге хабарласып едік олар су соратын машиналар жоқ деп жауапты қысқа қайырды.

Ауланы су басуының басты  себебі Қизатов көшесіндегі 74 – ші және 94 – ші үйлердің айналасына салынған көпқабатты тұрғын үйлердің жоғары орналасуы. Яғни күн жылынуымен еріген қар ойға қарай ығысады. Тұрғындардың бұйымтайын тыңдаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл мәселенің биыл  шешілетінін айтты. Осы аптада аталған мекенжай бойынша «Қызылжар су» ЖШС тиісті жұмыстарды бастамақ.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Менің түсінгенім бойынша су жертөлеге кетіп жатыр. Өйткені аталған үйлердің айналасы көміліп, аула ойда қалған.  Шешіледі бұл мәселе. 

Ал Береке ықшам ауданының тұрғындары Александра Старкова мен Қарлығаш Пішембаева Досмұхамбетов және Северный көшелеріндегі жолдың  сапасы мен жарық шамдарының жоқтығына шағымданды.

Облыс әкімі көшеге қиыршық тас төселіп жарықтандыру мәселесі міндетті түрде шешіледі деді. Оған қоса биыл Досмұхамбетов көшесін кеңейту жоспарланып отыр. Қоғамдық қабылдауға халық аудандар мен шалғай ауылдардан да келген. Халық жеке проблемаларынан бөлек, қоғамдық әлеуметтік мәселелермен де жүгінді. Солардың бірі Александр Фролов. Жамбыл ауданына қарасты, Сенжарка ауылының тұрғыны есімі еленбей қалған ҰОС қатысқан сол ауылдың тумаларының аттары қайта жаңғыртылса екен дейді.

АЛЕКСАНДР ФРОЛОВ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сенжарка аулындағы ҰОС қатысушыларына арналған ескеркішке 100 – ден аса азамттың есімі жазылмаған. Архивты ахтарып аздаған мәлімет жинадық дегенмен оны аудандық әскери бөлім растай алмай отыр. Осы мәселеге қатысты бір шара қолдансаңыз. 

Қоғамдық қабылдауға келгендердің барлығын ықыласпен тыңдап, 4 сағатқа жуық тұрғындармен тілдескен облыс әкімі халықтың мәселесі елеусіз қалмайды, барлығы да рет – ретімен өз уақытында шешіледі деп уәде етті.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ашық қоғамдық қабылдау өткізу біздің облысымзда дәстүрге айналып жатыр. Халықпен тұрғыдармен байланыстың бір жолы. Әр сұрақты қарап, қанағаттандыратын шешім қабылдауға тырысып отырмыз. өтінішпен келген Бірде – бір азамат назарсыз қалмайды.

Облыста ашық қоғамдық қабылдау 2017 жылдан өткізіліп келеді. Оның барысында 700-ден аса азамат қабылданды. Мен өзім 146 адамды қабылдадым. Айта кеткен осы жолы қоғамдық қабылдауға барлығы 150 адам келді. Өңір жектекшісі оның 32 – мен жеке тілдесті. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінен бөлек мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
17:55, 19 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫ
Толығырақ...