ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ ЕСЕП БЕРДІ Толығырақ

ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

14:21, 25 маусым 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов талапты, креативті жастармен кездесті. Басқосуда түрлі салада шешімін таппай жүрген мәселелер қозғалды. Жерлестеріміз білім, денсаулық сақтау, бизнес және туризм бағытындағы идеяларымен бөлісті. Көпшілігі батыл бастамаларын өздері туып-өскен өлкеде жүзеге асырғысы келеді. Құмар Ақсақалов жастардың ой-пікірлері ескерусіз қалмайды деді.

Даму бағытын айқындаған мемлекеттер бизнесті басым салалардың қатарына қояды. Қазақстан да жеке кәсіпкерлерге қолайлы жағдайлар жасауда.   Бүгінде шағын және орта бизнеске Даму қоры және «Атамекен» ҰКП-ның желісі бойынша арзан несие, қайтарымсыз грант қарастырылған. Осы орайда Құмар Ақсақалов мемлекет ұсынып отырған барлық қолдау механизмдерін барынша пайдаланып қалуға кеңес берді. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Өңірімізде бизнес идеялар бар. Оларға қолдау қажет. Кәсіпті бастап кетуге кейде қаражат, бірде тәжірибе жетпей жатады. Өңірімізде 100 мың жас азамат тұрады. Соның небары 1 пайызы жеке кәсіппен айналысады екен. Әлемдік статистикаға жүгінсек, жастардың 20 пайызында бизнеске қабілеті бар екен. Соның 5 пайызы старт-ап жобасын аяғына дейін жүзеге асыра алады.

Құмар Ақсақалов жастар ұсынатын бизнес жобаларға бағытталған қаржының мөлшері ұлғаятынын мәлімдеді. Әсіресе, өңдеу және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы жақсы идеяларға қолдау көрсетілмек.

МҰРАТ ТОҚТАРҰЛЫ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚМУ «АГРОНОМИЯ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Астық дақылдарының өлкесі болғандықтан бізге топырақтың құнарын арттыру жағын көбірек ойлау керек.  Бал банитетті көтеру үшінбізге агро химиялық зертханалар қажет.

Отырыс барысында ақшаны ішкі нарықта ұстап қалу жайы сөз болды. Қазіргі таңда үй жиһаздары мен ұсақ-түйек тұрмыстық заттардың барлығы сырттан тасылады.  Дей тұрғанмен, өңір жастары кей тауар түрлерінің импорттық үлесін азайтуға үлес қосып жатыр. Мысалы, Рүстем Башаров балалар кереуетін жасайды. Талапты азамат бұл жобаны «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырыпты.  Кейін әңгіме ауаны туризм тақырыбына ойысты. Құмар Ақсақалов осы бағытта жастардың тың идеялары қажет деді. Өңір жетекшісі ұлттық тарихқа да құрмет көрсету жөнінде сөз қозғады. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Туризм дегенде көпшілігі шетелді, теңізді елестетеді. Бірақ туризмнің түрлері көп. Бізге, бірінші кезекте, этнотуризмді дамыту керек. Облыс аумағында ешкімде жоқ, бірегей археологиялық орындар бар. Мысалы, Ботай қонысы. Онда жыл сайын жас археологтар слетін ұйымдастыру қажет. Сол мекенде салт атпен сейіл құру жағын қолға алу керек. Ел ішінде, шетте болсын, Ботай тұрағы туралы адамдарға көп айтып жүріңдер. Ежелгі қонысты көбірек жарнамалау керек.

Жастар спорт тақырыбын да қаузалды. Алена Курдюкова облыс орталығында биікке өрмелеу спортын дамыту қажетігін айтты. Осы спорт түрі жақында олимпиада бағдарламасына енгізілген екен. Құмар Ақсақалов бұл ұсынысты қарастырамыз деді. Енді бірі Қ.Ақсақаловтың назарын көше өнеріне аударды. Оны ағылшындар «Street art» - деп атайды. Басқаша айтқанда, ғимараттардың қасбетіне сурет салу деген мағынаны береді.  Облыс әкімі осы өнер түріне қаражат тауып беру жағынан қол ұшын беремін деді. Және бұл іске жергілікті суретшілер тартылатын болады.   

Отырыс барысында денсаулық сақтау және білім салаларына қатысты мәселелер қозғалды. Кәсіби техникалық мамандықтарда оқитын студенттер дуалдық оқыту жүйесінің ауызша күйінде қалғанын айтады.   

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Теорияны үнемі практикамен ұштастырып отыру керек. Олай етпеген жағдайда, колледж қабырғасында алған білім ойға тоқылмайды. Бұл мәселені білім басқармасымен бірге қарастырамыз. Және бизнесте тәжірибесі толысқан кәсіпкерлерді жастарға дәріс оқуға тартамыз.

Жастардың идеялары көп. Көпшілігі батыл бастамаларынөздері туып-өскен өлкеде жүзеге асырғысы келеді. Мегаполистерге кету ойымызда да жоқ дейді. Жерлестеріміз оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және мүгедектер жайын да сөз етті. 

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

20:33, 15 шілде 2019
ПЕТРОПАВЛҒА 500 БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ ОРНАТЫЛАДЫ
Толығырақ...