ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

Облыс әкімі жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданында болды

21:05, 20 қазан 2016

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов М. Жұмабаев ауданына қарасты бірнеше ауылдық округте болды. Елді мекендердегі көктемгі су тасқынына даярлықтарын байқады. Тұрғындармен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Кейін "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында қалыпқа келтіріліп жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандарды және кәсіпкерлердің жеке қаражаты есебіне салынып жатқан спорттық нысандарды көрді.

Биыл көктемде болған су тасқыны М. Жұмабаев ауданы тұрғындарын да біраз әуре-сарсаңға салды. Қызыл су үйлерге жетіп, 85 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Соның жартысынан астамына 2,5 млн теңгенің материалдық шығыны төленді. Келер жылы ондай жағдай қайталанбас үшін осы бастан су басуы мүмкін елді мекендерде арықтар қазылып, суағарлар орнатылуда. Көктемде Булаево қаласына мына қамысты көлден де қауіп бар.

Биыл М. Жұмабаев ауданына жылжымалы сорғы станциясы, Камаз, автогрейдер мен бір "Батыр" маркалы тракторы алынды. Соңғылары қарды аршып, жолдарға инертті материалдарды себу үшін қажет. Көктемде ауылішілік жолдармен де жүру қиындайды. Осы күні өңір жетекшісіне жергілікті тұрғындар Булаево қаласының көшелеріне қиыршық тас төселіп, Сарытомарға апарар жол күрделі жөндеуден өтсе деген өтініштерін айтты. Ерік Сұлтанов тапсырма биыл болмаса келесі жылы міндетті түрде орындалады деді.

Бүгінде Булаево қаласындағы аудандық орталық аурухананың негізгі корпусына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Оған қажетті 79 млн теңге "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында бөлінген. Алдағы уақытта корпустың шатыры, есік, терезелері мен жылу және кәріздік жүйелері толығымен жаңартылмақ. Нысан көне болғандықтан құрылыс жұмыстары барысында бір қабырғада жарық пайда болып, аздаған қиындық туындапты.

Бүгінде М. Жұмабаев ауданынның орталығында 18 пәтерлік 2 қабатты шағын отбасылар жатақханасы салынуда. Ішінде 2 және 3 бөлмелі пәтерлер бар. Баспана жыл соңында қолданысқа тапсырылуы мүмкін. Қазір мұнда 30-ға жуық құрылысшы тер төгуде. Барлығы да "СевКазЭнергоСтрой" ЖШС-нің жұмысшылары.

Өңір жетекшісі учаскедегі негізгі жұмыстар қараша айында аяқталуы керек деді.

Осы күні аумақ басшысы Полтавка селосына соғып, ОҚО-нан біржола өңірге көшіп келген отбасылармен кездесті. Сержан Спатаев аталған елді мекендегі мектепке мұғалім болып орналасқан. 2 баласы оқушы. Отағасы облыс әкіміне 2 Га жер берілсе бағбандық іспен айналысқысы келетінін айтты.

Осы күні Ерік Сұлтанов ОҚО-ның Сарыағаш ауданынан Полтавка селосына көшіп келген тағы бір отбасының үйіне барып, олардың да тұрмыс жағдайларын, жоспарын сұрап білді.

Кейін Ерік Сұлтанов көршілес Писаревка селосына барып, ондағы мектептің ұжымымен және жергілікті кәсіпкерлерімен кездесті. Биыл мұндағы орта мектепке 3 бірдей бу қазандығы орнатылады. Онда көмірдің орнына зығыр сабаны жағылады. Қондырғы  қарашаның 1-іне дейін іске қосылады. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов мектеп терезелерінің тозғанын көріп, аудан әкімі Асқар Бегмановқа нысанға пластикалық терезелерді орнату қажет деді.

Ал мынау - Бастомар ауылы. Елді мекенде 554 адам тұрады. Жылдан жылға ауыл көркейіп келеді. Бүгінде үйлердің 90 пайызына құбырлар тартылып, тұрғындарға таза ауыз су үздіксіз жеткізілуде. Су тасудан қолы босаған балалар бос уақыттарын мына ойын алаңдарында қызықты өткізетін болды. Бұл жерге ересектер де келіп көше тренажерлерінде жаттыға алады. Қасында тағы заманауи хоккей корты салынуда. Алдағы уақытта Бастомар ауылында осы спорт түріне қабілеті бар балалардан хоккей командасы жасақталмақшы. Спорттық нысандардың барлығынан жергілікті кәсіпкер Виталий Калиниченко шамамен 5 млн 800 мың теңге жұмсапты. Біртіндеп елді мекен көшелері де жарықтандырылуда. Облыс әкімі Бастомар ауылы іскер азаматтардың арқасында көркейіп жатқанын атап өтті.

Ал адам саны 2 мыңнан асатын Возвышенка селосында жағдай мүлдем басқаша. Мұндағы халық бірінші кезекте таза ауыз су және жолдың мәселесін қозғайды. Тұрғындармен кездескен аймақ басшысы аталған проблемалар алдағы жылдары шешілетіндігін айтты. Ерік Сұлтанов осы елді мекеннің кәсіпкерлерін ауылды абаттандыру жұмыстарына атсалысуға шақырды. Кейін Возвышенка орта мектебіне барып, білім ошағында атқарылып жатқан жұмыстарды көрді.

Бұдан бөлек 2017 жылы ел қазынасы есебінен Возвышенка селосындағы мәдениет үйінің шатыры жөнделетін болды.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...