ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛЖАРЛЫҚТАР ТӨЛ МЕРЕКЕМІЗДІ ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ Толығырақ

Облыс әкімі жылды қорытындылап, тілшілерге сұхбат берді

21:02, 29 желтоқсан 2016

2016 жыл өңірімізге қандай өзгерістер әкелді? Аймағымыздың жаңа әріптестері кім болды? Облыс әкімінің бала кездегі арманы қандай еді? Бұл сұрақтарға Ерік Сұлтановтың өзі тілшілерге жауап берді.Бүгін облыстық әкімдікте аймақтың бірінші жетекшісі жылды қорытындылап, БАҚ өкілдерімен сұхбат өткізді.

2016 жыл, Солтүстік Қазақстан үшін құтты болды. Аграрлы өңірлердің бірі саналатындықтан,  диқандардың сыйы үлкен. Олар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында рекордтық  көлемде астық жиын, Отан қамбасына құйды. Енді, сол дәнді сатып, оның пайдасын көруіміз керек. Бұл орайда, шаруалар да, басшылық та қол қусырып отырған жоқ. Біршамасын шет елге сатып үлгердік деді ЕрікХамзаұлы.

Сонымен қатар, аймақ басшысы өңіріміздің экономикалық даму  барысына тоқталды.Әсіресе қытайлық инвесторлармен әріптестік мықты. Ал, жуырда қайта жөндеуден кейін ашылған петропавл әуежайы, жуық арада халықаралық мәртебесін қайтарып алмақ. Сонымен қатар, 2016 жылы біздің өңір өзге облыстармен экономикалық байланыс орнатып, елбасының өңіраралық ынтымақтастық орнату  жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырды.

Сұхбат барысында көтерілген сұрақтар көп болды. Аймақ жетекшісі,   ғарышкер, ұшқыш болғым келген еді деп, бала арманы туралы да айтты. Сонымен қатар, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындығы қиын кезең жайлы да  естелігімен бөлісті.

Гүлнәр САЙЛАУҚЫЗЫ

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:37, 13 желтоқсан 2018
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
21:02, 12 желтоқсан 2018
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ӨЗГЕРТІЛДІ
Толығырақ...
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
20:59, 12 желтоқсан 2018
СҚО ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫ ЖАҒЫНАН РЕСПУБЛИКАДА 3 ОРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
14:59, 12 желтоқсан 2018
«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
21:34, 10 желтоқсан 2018
ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ЖАҢАРУДА
Толығырақ...
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
20:31, 11 желтоқсан 2018
ПЕТРОПАВЛДА РЕСПУБЛИКАДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Толығырақ...