ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ОБЛЫСҚА КІРПІШ ЗАУЫТЫ КЕРЕК

20:50, 20 маусым 2019

Орташа жалақы көрсеткіші жағынан өңір республика бойынша соңғы орында. Бүгін облыстық әкімдіктің отырысында аймақтың 5 айдағы даму көрсеткіші қорытындыланды. Жиын барысында кірпіш және құылыс материалдарын шығаратын зауыт салу керектігі айтылды. Сондай – ақ туризм саласын дамыту да қазір өңірдегі негізгі басымдықтардың бірі. Жоспар бойынша 2025 жылға дейін Шалқар – Имантау курорттық аймағына келетін туристер санын 40 мыңнан 400 мыңға дейін жеткізу көзделген.

Жиын ауыл шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді талқылаудан басталды. 5 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл және Мамлют аудандарындағы кәсіпорындардың ет өндіру көрсеткіштері төмендеп кеткен. Аталған аудандар басқа салалар бойынша да артта қалып келеді. Дегенмен жақсы жаңалықтар да жоқ емес. Мысалы облыста «Сыбаға» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда деуге негіз бар. Оның аясында биыл 2343 ірі қара сатып алынған. Ал жоспар бойынша 6 мың бас сатып алынуы қажет.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Соңғы 5 ай ішінде азық-түлік өнімдерінің көлемі 21 процентке артып,  46,9 млрдты құрады. Өсімдік майларын өндіру көлемі де 2,3 есеге, жарма 2 есеге, ал сүт өнімдері 10 есеге артқан.

Жыл соңына дейін 5 млн тонна астық және 1 млн тонна майлы дақыл жинау жоспарланып отыр. Аталған саладағы жетістіктермен тоқтап қалмай, алға қойылған мақсат пен жоспарды толықтай орындау керек деді өңір басшысы. Биыл өңірдегі ірі холдингтерге қаражат құйылып, біразының тамырына қан жүгірді. Дегенмен облыс орталығындағы ахуал көңіл көншітпейді. Қазіргі таңда Петропавлдағы өнідіріс ошақтарында  өсім жоқ. Мысалы машина жасау саласында өндіріс көлемі 34 процентке төмендеп кеткен.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «Петропавл ауар машина жасау зауыты» мен «Зикстоның» өндіріс көлемі төмендеп кеткен. Бұған себеп аталған кәсіпорындардадағы басшылардың ауысуы.

Өңір жетекшісі аталған зауыттардың жұмысын қайта жандандыру керектігін айтты. Ол үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледәі. Оған қоса шілде айының соңына қарай сабын шығаратын тұрмыстық химия фабрикасы іске қосылмақ. Жиын барысында облыс әкімі кірпіш зауытын салу жұмыстарының барысын білді.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Кірпіш зауытын өзімізде салуымыз керек. Бұл өңір экономикасына азда болса серпіліс береді. Неге бізде барлық тауарлар қымбат? Өйткені біз керек – жарақтың барлығын басқа облыстардан, сырттан әкелеміз. Ертеңгі күнді топай, бүгіннен бастау керекпіз осы бағыттағы жұмыстарды.

- Құрылыс жұмыстары келесі жылдың көктемінде басталады.

Сондай – ақ жыл соңына дейін 8300 тұрғынға арналған  2240 пәтер пайдалануға берілмек. Оған қоса 126 көпбалалы отбасының баспана мәселесі шешіледі. Ал жыл басынан 29 осындай шаңырақ баспаналы болды.

АНТОН ФЕДЯЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- «7-20-25» бағдарлмасы аясында 408 пәтер қолданысқа берілді. 19 443 адам үй кезегінде тұр. Олардың арасынан 174 азамат жергілікті атқарушы атқарушы органдар арқылы баспана алған.

Ал облыстағы орташа айлық 113 мың теңгені құрап отыр. Яғни республика бойынша соңғы орында келеміз. Сондықтан облыс әкімі бұл мәселені шешу және өңірде жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін айтты.. Одан бөлек  Құмар Іргебайұлы облыс орталығын абаттандыруға тоқталды. Әсіресе бизнес өкілдерінің сенбіліктерге шықпайтыны, нысандарының маңын қоқыстан тазартпайтындығын сынға алды. Шаһар басышысы Болат Жұмабековке мұндай кәсіпкерлерге қатысты қатаң жаза қолдануды тапсырды. Тіпті айыппұл ғана емес, басқа да шараларды қаратсыруға болатындығын айтты.  Сонымен билік жіберген кемшіліктердің көбі әлеуметтік желілілерде жүргенін тілге тиек етті. Айтуынша оларды да ескеріп, халықты тыңдай білген жөн. Жиын барысында желілерде жүрген суреттердің біразы мысал, дәлел ретінде көрсетілді.

Нұрсұлтан ТІЛЕСКТЕСОВ

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...