ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР БЕРІЛДІ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТЕГІ ЖИЫН

20:37, 16 сәуір 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың  айтуынша жыл басынан бері  барлық салада өсім бар. Алайда, көпті кейін тартып отырған аудандар да жоқ емес. Мәселен Шал ақын және Есіл аудандары көш соңында келеді. Мұнда құрылыс жұмыстары баяу. Сондай-ақ, отырыс барысында жоспар белгіленді. Алдағы уақытта облысымызда бордақылау алаңдарының санын арттыру есебінен жылына 58 мың тонна ет өндіру межеленіп отыр. Сонымен қатар етті және сүтті бағытта бірдей генетикалық орталық құрылады.

Қысқа экономикалық көрсеткіш 106,3 пайызды құрады. Жалпы өңір экономикасының өсімі республикалық орта көрсеткіштен жоғарырақ.  І-тоқсанның қорытындысы бойынша. Ауыл шаруашылығы саласы 103 пайызды құрады.  Осы бағытта барлық аудандарда өсім бар.  Құмар Ақсақалов өнімдерді терең өңдеуге басымдық беру қажеттігін айтты.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ауыл шаруашылығы өнімдері: бидай, сүт және етті терең өңдеу бағыттарына басымдық беру керек. Сүт кешендерін жаңғыртамыз. «Казмил» және «Биооперейшн» зауыттарында жаңа желілер  іске қосылады. Осының арқасында бидай өңдеу көрсеткіші жақсарады.

Өңір жетекшісінің айтуынша, машина жасау зауыттары өндіріс әлеуетін толығымен пайдалана алмай отыр. Менеджмент жүйесі дамымаған. Құмар Ақсақалов ЗИКСТО және ПАМЖЗ зауыттарында инвестиция тарту жұмыстары сылбыр деді. 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Киров атындағы зауытта өндіріс көлемі 19,7 пайызға, «Мұнаймаш» акционерлік қоғамында өсім 10 пайызды көрсетіп тұр.  Осы аталған екі кәсіпорын қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Облысымыздағы өндіріс ошақтарының жалпы тапсырыстың жиынтық құнын 20-дан 30 млдр теңгеге дейін өсіру керек.

Облыс жетекшісі жол, денсаулық сақтау, мектептерді жөндеуге қатысты конкустарды мерзімінен кешіктірмей өткізуді тапсырды. Өңірде атқарылған құрылыс жұмыстарына тоқталды.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Құрылыс саласы бойынша 121,7 пайызға өсім бар. Республика бойынша бұл көрсеткіш жаман емес.  Өңір бойынша 22,8 мың шаршы метр құрылыс нысандары қолданысқа тапсырылды. Алайда, Шал ақын, Аққайың, Жұмабаев, Мамлют және Жамбыл аудандарында құрылыс жұмыстарының көлемі жөнінен көрсеткіштер тым төмен. Сіздер бюджеттен қаражат бөлінуін күтпеңіздер. Баспана салу жұмыстарына жеке кәсіпкерлерді тартыңыздар.

Облыс активінің отырысында жоспар белгіленді. Алқаптарды әртараптандыру жұмыстары одан әрі жалғасады.  Бірқатар ауданда фермалардың құрылысын аяқтап, өңделген сүттің көлемін  570 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Сондай-ақ, бордақылау алаңдары мен мал кешендерінің санын арттыру есебінен жылына 58 мың тонна ет өндіру межеленіп отыр. Алдағы уақытта облыс аумағында етті және сүтті бағытта бірдей генетикалық орталық құрылады. Және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен 20 мың адамды қамту жоспарда бар.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
13:08, 9 желтоқсан 2019
ГАЗЕТТІҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БИЛЬЯРД ТУРНИРІ
Толығырақ...