ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІКТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21:21, 27 мамыр 2019

Өңірде пәтер иелері кооперативінің саны аз. Тіркелгендерінің өзінде жұмыс жүйеленбеген. Бұл туралы облыстық әкімдіктің отырысында сөз болды. Құмар Ақсақалов қолданыс мерзімі 50-60 жылдан асқан көпқабатты баспаналарды қалыпқа келтіріп, ондағы лифтілерді жөндейтін уақыттың келгенін айтты. Сондай-ақ талқыға түскен екінші мәселе - ҰБТ жайы болды. 

Отырыста қаралған алғашқы мәселе ПИК-терінің жұмысына қатысты. Қазіргі таңда облыс аумағында 1758 көпқабатты үй бар болса, соның 62 пайызында басқару формасы жоқ. Тиісті ведомство мамандарының айтуынша,  көппәтерлі баспаналарға дұрыс күтім жасалмайды. Салдарынан көбі мерзімінен бұрын тозып жатыр. Бүгінгі таңда лифтілердің мәселесі де өзекті. Жедел сатыларға қаражат жергілікті қазынадан бөлінуі мүмкін. Бәрі жаңа заңның қабылдануын күтіп отыр.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Облыс орталығында барлығы 300 лифт бар. Соның 178-ін шұғыл түрде ауыстыру керек. Біз есептеп қойдық. Оған шамамен 2 млрд теңге қаражат қажет. Жаңа заң қабылданғасын бюджеттен қаражат бөлінуі мүмкін. Лифтілерді жөндейміз немесе жаңасына алмастырамыз.

Құмар Ақсақалов аудандардағы көпқбатты үйлерде ПИК құруды тапсырды. Және ол баспаналардың ауласын жөндеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінсін деді. Аудандарда ойын алаңдары да салынады. 

Бүгінде үлгілі ПИК-тер жоқ емес бар. Бірақ саусақпен санарлық. Мысалы, "ГОРЬКИЙ 179" тұтынушылар кооперативі жұмысын ашық жүргізеді. Арнайы сайт құрып, кіріс және шығыс қаражаттар жөнінде бүге-шүгесіне дейін тұрғындарға есеп беріп отырады екен.

АЛЕКСАНДР  ВАСИЛЬЕВ, "ГОРЬКИЙ, 179" ТК ТӨРАҒАСЫ:

- Біз 6 жыл бұрын жинақтаушы қор құрдық. "ГОРЬКИЙ 179 тұтынушылар кооперативіне 150 пәтер енеді. Әрбіреуіне дербес шот ашылған. Қазір таңда тұрғындардан қаражат жинау мәселесі мүлдем туындамайды. Жоспар 100 пайызға орындалады. Жыл сайын 1 млн 200 мың теңге жиналады. Біз сған күрделі жөндеу жұмыстарын өткіземіз.

Облыс орталығында жүздеген аулаға асфальт төселді. Бірақ оның сапасына көпшіліктің көңілі толмауда. Осы орайда қалалық әкімдік мердігерлермен ұзақ мерзімге келісім шарт жасасатын болды. Демек, жол және ойын алаңдары 2 жылдан кейін де бұзылса, оны құрылыс компаниясы өз қаражатына жөндеп береді. Жиын барысында Құмар Ақсақалов қала балаларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін аулалық клубтарды көптеп ашуды тапсырды. Қазіргі таңда оның саны небары 24. Көп кешікпей бұл іске ПИК төрағалары да тартылады. Аудан әкімдері қымбат қызметтік көліктерді сатып алуды жоспарлап жүр. Өңір жетекшісі оны қоя тұрып, халықты алаңдататын су, жол сынды маңызды шаруаларды шешіп алу қажеттігін айтты.  

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қаржы басқармасы мен аудан әкімдеріне қызметтік автокөліктерді сатып алуды тоқтатуды тапсырамын. Өткен жолы, Петропавл әкімдігінің жаңа автокөліктерді сатып алып жатқандығын анықтадық. Оның барлығын тоқтату қажет. Бізде маңызды бағыттар бар: ауыз су, жол, білім және денсаулық сақтау. Барлық қаражатты осыған бағыттау керек. Ал жаңа көлік күте тұрады. Ескі машинамен де жүруге болады

Отрысыта қозғалған келесі мәселе ҰБТ арналды. Биыл 3 мыңнан астам солтүстікқазақстандық мектепті тәмамдайды. 64 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. Білім басқармасындағылардың айтуынша, ҰБТ-дан өте алмағандарға екінші мүмкіндік беріледі.

ГҮЛМИРА КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРАМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Келесі күні аппеляциялық комиссия түскі сағат 13:00 дейін жұмыс істейді. ҰБТ-дан шекті балл жинай алмағандар келісім шарт бойынша жоғары оқу орындарына ақылы түрде қабылданады. Бірақ олар тесті қайтадан тамыз және қаңтар айында тапсырады.

Осы жылы да облыс әкімі педагог мамандықтарына 75 грант бөлетінін жариялады. Сондай-ақ биыл өңірге бөлінетін мемлекеттік гранттың саны былтырғымен салыстырғанда едәуір көп болмақ.

Берік ҚАСЕН

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...