ШҰҒЫЛ! ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫН АРАЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІР ЖЕТЕКШІСІ ПЕТРОПАВЛ ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

20:56, 22 қаңтар 2019

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавлдағы – 2 жылу электр станциясын жаңғырту жұмыстарының нәтижесін көрді. Сонымен қатар «Севказэнерго» ЖШС-де тұрғындарға көрсетілетін қызметтермен танысты. Қазіргі таңда электрқуатын пайдаланушылардың 45 %-ы қолма қол есеп айырысса, қалғаны коммуналдық ақыны электронды түрде төлейді екен.

Ең алдымен өңір басшысы Құмар Ақсақалов жылу электр станциясын жаңғырту жұмыстарының нәтижесімен танысты. Он жылдың ішінде кәсіпорын күрделі жөндеу жұмыстары мен қондырғыларды ауыстыруға 60 млрд теңге жұмсаған.

ВИКТОР БАРМИН, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭС ДИРЕКТОРЫ:

- 2009-2016 жылдар аралығында 4 қазандық яғни №6, 7, 8, 12-ші қазандықтардың агрегаттары қайта жөндеуден өткізілді және №1, 4, 5-ші турбиналары жаңартылды. Осы мақсаттарға 45 млрд теңге жұмсалды.

Жылу электр станциясының директоры Игорь Барминнің айтуынша жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде станцияның өнімділігі әсіресе қуаттылығы 150МВқа көбейген, шығыны 80 %-дан 60%-ға төмендеген. Зиянды заттардың ауа қабатына таралуы азайып, еңбек өнімділігі артты. Құмар Ақсақалов турбиналық цехтің, бас басқару қалқанының жұмысымен танысты.

Облыс әкімі барған келесі нысан «Севказэнергосбыт» ЖШС-нің сервис-орталығы. Мұнда қызылжарлықтар коммуналдық төлемдер жасап, берешек, ажырату бойынша туындайтын мәселелерін шеше алады. Ол үшін 10-нан астам терезе ашылған. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін электрондық кезек жұмыс істейді.

МАҒАУИЯ САҒЫНДЫҚОВ, «СЕВКАЗЭНЕРГОСБЫТ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

- Жеке кабинеттің көмегіне сүйене отырып 3000-ға жуық тұрғын төлем жасайды. Осы жерде және сити моллда коммуналдық ақыны қолма қол төлей алады. Бұдан басқа тағы 2 сервис-орталығымыз бар. Қызылжарлықтардың 45% әлі күнге дейін қызметтерді қолма-қол өтейді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді. Мысалы электрэнергия және суға 9 пайызға, кәрізге тарифтер 3 пайызға азайған.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Тарифтердің төмендеуі жұмыс сапасының төмендеуіне әкеп соқпауы қажет. Жалпы, тарифтерді төмендетудің нәтижесінде облыс тұрғындары жылына 700 млн теңгені үнемдемек. Сонымен қатар Береке шағын ауданы, жұмысшы кенті және сапаржай маңындағы магистральдар жаңартылып, мұндағы жағдай біршама жақсарды. 

Байланыс орталығының жұмысына келетін болсақ, тұтынушылар тарапынан шағымдардың саны 2017 жылмен салыстырғанда былтыр екі есе азайды. Жұмыстар мұнымен тоқтамайды. Жақында коммуналдық төлемдер жүргізу үшін мобилді қосымша енгізілмек.

Майгүл СЕЙІЛБЕК

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
22:25, 10 тамыз 2020
КАРАНТИНДЕ ТУҒАН КҮН ТОЙЛАҒАНДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...