ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТТІҢ ГЕРМАНИЯҒА САПАРЫ Толығырақ

ОҢТҮСТІКТЕН КӨШІП КЕЛГЕНДЕРГЕ КОТТЕДЖ БЕРІЛЕДІ

14:50, 26 сәуір 2019

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік өңірлерден көшіп келетін ағайындарға 3 мың коттедж салынады. Баспаналар инфрақұрылымы дамыған 150 елді мекенде бой көтереді. Егер көшіп келген отбасы басқа үйді сатып алса немесе жалдаса, мемлекет оларға 600 мыңға дейінгі шығынын қайтарып береді.

Оған қоса, әр келген адамға демеуқаржы қарастырылған. Айталық 5 адамнан тұратын отбасыға 450 мың теңге төленеді. Мемлекеттік бағдарламаның арқасында соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлердің 3 мыңнан астам  азаматы, 700 отбасы көшіп келіп, қолдау түрлеріне ие болды. Қазір олар ауылшаруашылық, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жемісті еңбек етіп, бизнесін дөңгелетіп жүр. Биыл да ең кемінде 1,5 мың адам келеді деп күтілуде.

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Көшіп келушілерге бірнеше талап қоямыз. Әр отбасыда 3-4 бала болу қажет. Дәрігер, агроном, тракторшы, комбайншы секілді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Балаларға мектеп пен балабақша дайын. Егер осы талаптарға сай болса, бұл отбасыға су жаңа коттедждің кілтін табыс етеміз.

Әсел ОРАЗБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
15:18, 27 маусым 2019
ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ КОМИССИЯЛАРДЫҢ ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
13:01, 3 желтоқсан 2019
АЙЫРТАУ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Толығырақ...
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
17:55, 5 желтоқсан 2019
ҚР ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Толығырақ...
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
13:08, 5 желтоқсан 2019
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...